24,4 трлн теңге сомасына 765 жоба
11.07.2022
Ағымдағы жылдың 5 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 4,1 трлн теңгені құрады (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға артық), деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
2026 жылға дейінгі ҚР инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасының негізгі тармақтары 1. Инвестициялық экожүйені одан әрі дамыту ашық және болжамды инвестициялық саясатты қалыптастыру, инвесторлар үшін институционалдық орта мен инфрақұрылымды жетілдіру, құқықтық режимді жақсарту, ведомствоаралық үйлестіруді нығайту, жобалар мен өндірушілерді ілгерілетудің цифрлық құралдарын құру есебінен жоспарланады. 2. Жеке сектордың инвестициялық белсенділігінің өсуіне жәрдемдесу инвесторлар үшін тұрақты жағдайлар жасау, стратегиялық және бөлшек инвесторлар тарапынан қаржыландыруды, оның ішінде әріптестік қаржыландыруды тарту, қазақстандық қор нарығын капиталдың халықаралық нарықтарына интеграциялау және ілгерілету және сыртқы инвестицияларды тарту, МЖӘ-дегі тәсілдерді кешенді реформалау есебінен жоспарланады. 3. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу банкроттық рәсімдерін оңайлату есебінен болады. Бұл тиімсіз меншік иелерін ауыстыра отырып, дәрменсіз кәсіпорындардың нарықтан шығуын жеделдетуге мүмкіндік береді. Капиталдар ел экономикасына қайтарылған жағдайда оларға рақымшылық жасау. Қазақстандық компанияларды шетелдік юрисдикциялар мен офшорлық аймақтардан АХҚО юрисдикциясына ауыстыру.
ҚР СІМ деректері бойынша, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы жалпы сомасы 24,4 трлн теңге болатын 765 жобадан тұрады. 112 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Мемлекеттік органдардың мәліметінше, 2022 жылы 3,2 трлн теңге сомасына 306-ға жуық жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде шетелдік компаниялардың қатысуымен 40 жоба бар.
Қарау саны: 1710 |
|
|