Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мониторингі үшін
13.07.2022
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мониторингі үшін "JerInSpectr" цифрлық платформасы іске қосылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану арқылы Жерді пайдаланудың мониторингі үшін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының ("ҚҒС" ҰК" АҚ) мамандары "JerInSpectr" платформасын әзірледі. "Жер мәселесі-өткір әлеуметтік мәселелердің бірі, оның ішінде заңнаманы бұза отырып берілген және пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері. Үкіметтік деңгейде жерді алып қою бойынша жұмыс комиссиясы құрылды және осы мәселені шешуге қосқан үлесіміз – Жер ресурстарын ұтымды пайдалану ғарыштық мониторингінің цифрлық платформасы", — деп атап өтті "ҚҒС" ҰК" АҚ Кеңістіктік деректер департаменті Ауыл шаруашылығы өндірісі мониторингі басқармасының бастығы Гүлнар Қабжанова.
"Бұл ретте процеске қатысушының шешіміндегі немесе құжатындағы әрбір өзгеріс электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі, тәуліктің кез келген уақытында қайта тексеруге қолжетімді. Бұл қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды", — деп түсіндірді маман.
Қарау саны: 1942 |
|
|