Өңдеу өнеркәсібінде 150 жобаны

14.07.2022

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңдеу өнеркәсібі салаларындағы инвестициялық жобалар пулын жасақтауда. Жобалар импортты алмастыруға да, дайын өнімді экспорттауға да бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Тізбе 130 мың жұмыс орнын құрумен 700-ден астам жобаны қамтиды. Биыл 16 мың жұмыс орнын құрумен 158 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жобалар төрт санатқа бөлінген — ағымдағы жылы енгізілетін, іске асырылатын (салынып жатқан), пысықталатын (орны, қаржыландыру көздері анықталды және құжаттаманы дайындау басталды) және перспективалы (пысықтау деңгейінде)", — делінген хабарламада.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ИИДМ өңдеу өнеркәсібінің ағымдағы мүмкіндіктері мен даму перспективаларына талдау жүргізді. Талдау нарықты дайын өніммен импортты алмастыруға және экспорттық әлеуетті арттыру перспективасына баса назар аудара отырып жүргізілді, шикізат базасының болуы, экологиялық реттеу, кадрлық құзыреттер және инфрақұрылым сияқты аспектілер ескерілді. 

 

Өңдеу өнеркәсібі жобаларын бюджеттеу туралы айта отырып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларын қаржыландырудың тиімді тетігі әзірленгенін атап өтті

 

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы қаржыландыру екі бағыт бойынша қарастырылған. Атап айтқанда, орта және ірі бизнес субъектілерін қаржыландыруға бағытталған жобалар, екіншісі – шағын және орта бизнес субъектілері. 

 

"Бірінші бағыт бойынша пайыздық мөлшерлеме 7% - дан аспайды, несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін. Жобаларды қаржыландыру сомасы 200 млрд теңгені құрайды, нарықтан тартылған қаражатты есепке алғанда – 285,7 млрд теңге. Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға келетін болсақ, жалпы сомасы 50 млрд теңгені құрайды. Пайыздық мөлшерлеме-3% - дан аспайды, несиелеу мерзімі-7 жылға дейін", - деп түсіндірді ведомствода. 

 

Өңдеу өнеркәсібі жобаларын бюджеттеу "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ арқылы да жүзеге асырылады. 

 

"2021-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы аясында өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру 4 млрд. теңгеге жалғасады. Нарықтан тартылған қаражатты ескере отырып, жалпы сома 8 млрд теңгені құрайды. Қазақстанның Даму банкінің пайыздық мөлшерлемесі – 11% — ға дейін, кредиттеу мерзімі-20 жылға дейін", - деп атап өтті Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігінде.

 



Қарау саны: 1805
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!