Қазақстанда бағалы қағаздар нарығына жеке инвесторлар сегментін кеңейту үшін
27.07.2022
2022 жылдың алты айында бөлшек инвесторлардың саны жыл басынан бері 1,6 есеге өсіп, 367 мыңнан асты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.Халықтың қор нарығына қатысуының артуы жағдайында қазақстандық реттеуші институционалдық нормалардың көмегімен ықтимал тәуекелдердің алдын алу қажеттілігіне тап болды. Мемлекет басшысы туындайтын тәуекелдерді ескере отырып, басқалармен қатар, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған 2022 жылғы 12 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдады.
Азаматтарды сапасыз инвестициялық көрсетілетін қызметтерді алудың әлеуетті тәуекелдерінен қорғау үшін реттеу аясына жеке тұлғаларға инвестициялық консультация беру бойынша қызметтер көрсететін барлық делдалдар кіргізілді. Қазақстан аумағында осындай консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетуге реттеушінің тиісті лицензиялары бар брокерлер мен инвестициялық портфельді басқарушылар ғана құқылы болады. Оларды Агенттіктің лицензиясынсыз көрсету әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіз болып табылады. «Жеке тұлғаларға инвестициялық ұсынымдарды тиісті біліктілігі бар (кәсіби білімі мен сертификаттарының, инвестициялау саласында жұмыс тәжірибесінің болуы және басқалары) брокерлер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметкерлері ғана беруге құқылы болады», - деп атап өтті Агенттіктің бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Павел Афанасьев. Бұл ретте заңда олардың адал, тиісті сақтықпен және тек қана клиенттің мүддесі үшін әрекет ету міндеті белгіленеді. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, брокердің немесе басқарушының қызметкерлері клиенттің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қоя отырып әрекет етуге тиіс. Егер клиент инвестициялық ұсынымдарды беру тәртібін сақтамау нәтижесінде шығынға ұшыраса, брокер немесе инвестициялық портфельді басқарушы жауапты болады, ол сонымен қатар осы залалдардың орнын толтыруды көздейді. Мұндай жауапкершілік клиентке жаңылыстыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат берілген, сондай-ақ мүдделер қақтығысы болған жағдайда, қаржы құралымен мәміле жасасуға ұсынымдар берілген жағдайларда да туындайды. Бұл жаңалықтар Қазақстан аумағында инвестициялық консультация қызметтерін алу мәселелерін айтарлықтай деңгейде реттейді. Брокерлердің бөлшек инвесторға инвестициялық ұсынымдар берер алдында, оның тәуекел-бейінін бағалаудың міндетті талаптарын енгізу жоғарыда көрсетілген Заң шеңберіндегі қосымша жаңалық болып табылады. Брокер бөлшек инвесторды бағалау және оны білікті не «біліксіз» инвестор деп тану рәсімін жүргізетін болады. Жекелеген брокерлер аталған тәсілді клиенттердің инвестициялық сұратуларын нақтырақ таргеттеу үшін ішінара пайдаланып жүр. Бөлшек инвестор білім деңгейі, кәсіби сертификаттардың (CFA, FRM, CIIA) болуы, қаржы нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы, кемінде 25 млн теңге сомаға активтерінің болуы сияқты белгілі бір өлшемшарттарға сәйкес болатын жағдайда, ол білікті болып танылады және қаржы құралдарының шектеусіз тізбесіне инвестиция сала алады. Сонымен қатар, тиісті тестілеуден өткен жағдайда брокер жеке тұлғаны білікті инвестор деп тануы мүмкін. Сондай-ақ, осы тестілеуден сәтті түрде өткен жағдайда бөлшек инвестор кез келген қаржы құралдарына инвестиция сала алады. «Біліксіз инвесторлар болып танылған жеке тұлғаларға қатысты белгіленген шектеулердің заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайтынын атап өткен жөн. Заңды тұлғалар инвестициялық кеңесшінің болуын қамтамасыз ете алады, сондай-ақ көп жағдайда қызметкерлердің тиісті штатын ұстай алады», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілі. Сенімді орта деңгейін арттыру бөлігіндегі тағы бір маңызды бағыт бағалы қағаздар нарығында әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жасауды айқындайтын қолданыстағы нормаларға қосымша қор нарығындағы айла-шарғы жасау және жосықсыз мінез-құлық белгілерінің өзі кеңейтіледі. Айла-шарғы жасау мәнін анықтау үшін бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің өздеріне ғана емес, сондай-ақ мәмілелер жасасуға берілген өтінімдерге де мониторинг жүргізілетін болады. Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Павел Афанасьевтің түсіндірмесі Соңғы екі жылда Қазақстанның қаржы нарығында неғұрлым елеулі және жарқын үрдістердің бірі халықтың қор нарығына қатысуының айтарлықтай ұлғаюы болды. Бұл қазақстандықтардың бағалы қағаздар нарығының құралдарына, оның ішінде қашықтан қолжеткізу мүмкіндіктерін енгізу және брокерлік сервистерді жақсарту арқылы қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталған қаржы нарығын реттеуші мен кәсіби қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. 2022 жылғы алты айда бөлшек инвесторлардың саны жыл басынан бері 1,6 есеге артып, 367 мыңнан асты. Инвесторлардың өсіп келе жатқан қоры тарапынан қор нарығының құралдарына сұранысты қанағаттандыру үшін 2021 жылы Агенттік бағалы қағаздардың жаңа түрлерін (жеке орналастыруға жататын облигациялар, инвестициялық облигациялар, «жасыл» және әлеуметтік облигациялар, тұрақты даму облигациялары) енгізді. «Бүгінде Қазақстан қор биржасының алаңында жалпы сомасы 63,4 млрд теңгеге жасыл және әлеуметтік облигациялар, сондай-ақ жалпы сомасы 40 млрд теңгеге жеке орналастыру облигациялары орналастырылды», - деп статистиканы келтіреді Павел Афанасьев. «Бағалы қағаздардың осы жаңа түрлері үшін тиісті мамандандырылған алаңдар құрылды: «ESG облигациялары» және «Жеке орналастыру». Өткен жылғы қарашадан бастап Қазақстан қор биржасының «KASE Global» алаңында шетелдік компаниялардың (Apple, Boeing, Microsoft, Ford, Pfizer және т.б.) бірқатар акцияларының сауда-саттығы іске қосылды, бұл азаматтардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтті. Инвесторлық базаның айтарлықтай өсуіне қарамастан, экономикалық тұрғыдан белсенді халықты бағалы қағаздар нарығының өнімдерімен және көрсетілетін қызметтерімен қамту көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары емес деңгейде қалып отыр (бүгінгі күні экономикалық қызметте жұмыс істейтін және брокерлік шоты бар азаматтардың үлесі – 4,1%-ды құрайды, 2020 жылы – 1,5%). Мысалы, Ресейде бұл көрсеткіш 20%-дан асады. Осылайша, Қазақстанның қор нарығында бөлшек инвесторлар саны өсуінің айтарлықтай әлеуеті бар. Бөлшек инвесторлар санының өсу серпініне жаңа қаржы құралдарын ұсынуды кеңейту есебінен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің банк клиенттеріне брокерлік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысын жандандыру есебінен қосымша қолдау көрсетілетін болады. Бұл мүмкіндік банктерге өткен жылдан бастап берілді және бүгінгі күні оны клиенттердің кең бөлшек сауда базасы бар бірнеше ірі отандық банктер жүзеге асырды. Өткен жылдардың тәжірибесін негізге ала отырып, азаматтардың қор нарығына деген қызығушылығын айтарлықтай арттыру ұлттық компаниялардың IPO (SPO) жүргізуімен де қамтамасыз етілетін болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстанның екі қор биржасында өткізеді деп күтілуде. Бұл бастамада Қазақстанның ірі қалалары мен өңірлерінде кең ауқымды маркетингтік науқандарды іске қосу көзделеді. Аталған бағдарламаға әрбір қазақстандық азамат қатыса алады. «Инвесторлық базаның белсенді түрде өсуі ішкі қор нарығын дамытудың оң үрдісі болып табылары сөзсіз. Сонымен қатар, ол реттеушінің алдына нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету, жосықсыз тәжірибелер мен теріс пайдаланушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ бөлшек инвесторлардың құқықтарын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты бірқатар сын-қатерлерді қойып отыр», - дейді БҚНД директоры. Туындаған тәуекелдерді ескере отырып, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 12 шілдеде инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады. Инвестициялық консультация беру саласын реттеудің негізгі мақсаты азаматтар үшін қор нарығының құралдарына инвестициялаудың қауіпсіз жағдайларын жасау және классикалық банк өнімдерінің баламасы ретінде халықтың жинақ ақшасы бойынша инвестициялық кіріс алу арналарын құру болып табылады. Азаматтарды сапасыз инвестициялық көрсетілетін қызметтерді алудың әлеуетті тәуекелдерінен қорғау үшін реттеу аясына жеке тұлғаларға инвестициялық консультация беру бойынша қызметтер көрсететін барлық делдалдар кіргізілді. Қазақстан аумағында осындай консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетуге реттеушінің тиісті лицензиялары бар брокерлер мен инвестициялық портфельді басқарушылар ғана құқылы болады. Оларды Агенттіктің лицензиясынсыз көрсету әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін негіз болып табылады. «Жеке тұлғаларға инвестициялық ұсынымдарды тиісті біліктілігі бар (кәсіби білімі мен сертификаттарының, инвестициялау саласында жұмыс тәжірибесінің болуы және басқалары) брокерлер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметкерлері ғана беруге құқылы болады», - деп атап өтті Павел Афанасьев. Бұл ретте заңда олардың адал, тиісті сақтықпен және тек қана клиенттің мүддесі үшін әрекет ету міндеті белгіленеді. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, брокердің немесе басқарушының қызметкерлері клиенттің мүддесін өзінің мүддесінен жоғары қоя отырып әрекет етуге тиіс. Егер клиент инвестициялық ұсынымдарды беру тәртібін сақтамау нәтижесінде шығынға ұшыраса, брокер немесе инвестициялық портфельді басқарушы жауапты болады, ол сонымен қатар осы залалдардың орнын толтыруды көздейді. Мұндай жауапкершілік клиентке жаңылыстыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат берілген, сондай-ақ мүдделер қақтығысы болған жағдайда, қаржы құралымен мәміле жасасуға ұсынымдар берілген жағдайларда да туындайды. Бұл жаңалықтар Қазақстан аумағында инвестициялық консультация қызметтерін алу мәселелерін айтарлықтай деңгейде реттейді. Брокерлердің бөлшек инвесторға инвестициялық ұсынымдар берер алдында, оның тәуекел-бейінін бағалаудың міндетті талаптарын енгізу жоғарыда көрсетілген Заң шеңберіндегі қосымша жаңалық болып табылады. Брокер бөлшек инвесторды бағалау және оны білікті не «біліксіз» инвестор деп тану рәсімін жүргізетін болады. Жекелеген брокерлер аталған тәсілді клиенттердің инвестициялық сұратуларын нақтырақ таргеттеу үшін ішінара пайдаланып жүр. Бөлшек инвестор білім деңгейі, кәсіби сертификаттардың (CFA, FRM, CIIA) болуы, қаржы нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы, кемінде 25 млн теңге сомаға активтерінің болуы сияқты белгілі бір өлшемшарттарға сәйкес болатын жағдайда, ол білікті болып танылады және қаржы құралдарының шектеусіз тізбесіне инвестиция сала алады. Сонымен қатар, тиісті тестілеуден өткен жағдайда брокер жеке тұлғаны білікті инвестор деп тануы мүмкін. Сондай-ақ, осы тестілеуден сәтті түрде өткен жағдайда бөлшек инвестор кез келген қаржы құралдарына инвестиция сала алады. «Біліксіз инвесторлар болып танылған жеке тұлғаларға қатысты белгіленген шектеулердің заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайтынын атап өткен жөн. Заңды тұлғалар инвестициялық кеңесшінің болуын қамтамасыз ете алады, сондай-ақ көп жағдайда қызметкерлердің тиісті штатын ұстай алады», - деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілі. Сенімді орта деңгейін арттыру бөлігіндегі тағы бір маңызды бағыт бағалы қағаздар нарығында әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жасауды айқындайтын қолданыстағы нормаларға қосымша қор нарығындағы айла-шарғы жасау және жосықсыз мінез-құлық белгілерінің өзі кеңейтіледі. Айла-шарғы жасау мәнін анықтау үшін бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің өздеріне ғана емес, сондай-ақ мәмілелер жасасуға берілген өтінімдерге де мониторинг жүргізілетін болады. Бұл ретте бағалы қағаздардың құнына әсер еткен дәйексіз ақпарат таратылатын жағдайлар да қор нарығында теріс пиғыл анықталатын шеңберде назарға алынады. Барлық ұқсас фактілерді бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді айлы-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарауды жүзеге асыратын, Агенттіктің жанынан жұмыс істейтін Сараптама комитеті қарауға тиіс. Осы Сараптамалық комиссияның қорытындысы негізінде Агенттік тиісті істерге және жеке тұлғаларға қатысты одан әрі шаралар қабылдайды. Бұл ішкі қор нарығындағы жұмыс үшін сенімді ортаның деңгейін арттырып, Қазақстан азаматтарын өз қызметтерін жосықсыз көрсететін делдалдармен, оның ішінде шетелдік делдалдармен жұмыс істеуден қорғайды.
Қарау саны: 1998 |
|
|