ЕАЭО туралы шарт
28.07.2022
Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы 26 шілдедегі отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа түзетулерді қамтитын «III Үлкен хаттама» деп аталатын жобаны мақұлдады, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.Енді құжат Одақ елдеріне мемлекет ішінде келісімдеуге жолданады. «ІІІ Үлкен хаттама» жобасы құқық қолдану тәжірибесі барысында анықталған құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға, терминологияны нақтылауға, Одақ органдарына техникалық реттеу, фитосанитарлық шаралар, мемлекеттік сатып алулар саласында бірқатар өкілеттіктерді беруге, сондай-ақ 2025 жылғы Стратегияны іске асыруға көзделген», - деп атап өтті ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясат» 61-бапты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу туралы тармақтармен толықтыру жоспарлануда. Сонымен қатар, өзгерістер Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға (ЕАЭО туралы шартқа № 25 қосымша) әсер етеді. Оны жеткізушілердің электрондық форматтағы мемлекеттік сатып алуларға қатысуы үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану туралы ережемен толықтыру жорамалданады.
Қарау саны: 1923 |
|
|