ЕАЭО туралы шарт

28.07.2022

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы 26 шілдедегі отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа түзетулерді қамтитын «III Үлкен хаттама» деп аталатын жобаны мақұлдады, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

Енді құжат Одақ елдеріне мемлекет ішінде келісімдеуге жолданады.

 

«ІІІ Үлкен хаттама» жобасы құқық қолдану тәжірибесі барысында анықталған құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға, терминологияны нақтылауға, Одақ органдарына техникалық реттеу, фитосанитарлық шаралар, мемлекеттік сатып алулар саласында бірқатар өкілеттіктерді беруге, сондай-ақ 2025 жылғы Стратегияны іске асыруға көзделген», - деп атап өтті ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев.


Мысалы, ЕАЭО туралы шартты төтенше фитосанитарлық шараларға қатысты нормалармен толықтыру ұсынылып отыр. Мұндай шаралар Одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізіміне енбеген және фитосанитарлық қауіпсіздікке қауіп төндіретін зиянкестерге қатысты қолданылатын болады.

 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясат» 61-бапты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу туралы тармақтармен толықтыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, өзгерістер Сатып алуды реттеу тәртібі туралы хаттамаға (ЕАЭО туралы шартқа № 25 қосымша) әсер етеді. Оны жеткізушілердің электрондық форматтағы мемлекеттік сатып алуларға қатысуы үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану туралы ережемен толықтыру жорамалданады.



Қарау саны: 1921
Сақталған: 25.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!