Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі іске қосылады
29.07.2022
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі тетігін енгізу мәселелері бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.Мемлекет басшысы тиісті тапсырманы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген болатын. Отырысқа ауыл шаруашылығы вице-министрі Абулхаир Тамабек, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – Зульфия Сүлейменова, сондай-ақ Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Жасыл Даму» АҚ өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушылар «Жасыл Даму» АҚ (ӨКМ Операторы)қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі тетігін іске асырудың негізгі тәсілдерін талқылады және келісті
Бағдарлама шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құралымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу ынталандыруға бағытталатын болады. Бағдарламаны қаржыландыру «Байтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарымен жүзеге асырылатын болады. Оған шамамен 40 млрд.теңге бөлу жоспарланады.
Қарау саны: 1887 |
|
|