Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі іске қосылады

29.07.2022

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі тетігін енгізу мәселелері бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы тиісті тапсырманы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген болатын.

Отырысқа ауыл шаруашылығы вице-министрі Абулхаир Тамабек, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – Зульфия Сүлейменова, сондай-ақ Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Жасыл Даму» АҚ өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар «Жасыл Даму» АҚ (ӨКМ Операторы)қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі тетігін іске асырудың негізгі тәсілдерін талқылады және келісті

Осы тетікті ағымдағы жылда жаппай жиналу жұмыстары басталмас бұрын қысқа мерзімде  қабылдау жоспарланады.

Бағдарлама шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құралымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу ынталандыруға бағытталатын болады.

Бағдарламаны қаржыландыру «Байтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарымен жүзеге асырылатын болады.  Оған шамамен 40 млрд.теңге бөлу жоспарланады.



Қарау саны: 1972
Сақталған: 25.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!