Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы
03.08.2022
Үкіметте жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қайта қарау бойынша ұсыныстар қаралдыҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, онда Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Бұл ретте активтерді теңгерімдік құнынан төмен сатуға тыйым салу, сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол бермеу, стратегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр. Осыған байланысты жаңа тәсілдер негізінде жекешелендіру тізбесін өзектендіру жүргізілді. Осылайша, Жекешелендіру жоспарына бәсекелестік ортаға беру экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылып отыр. Компаниялардың бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларының IPO арқылы нарыққа шығару жоспарланған. Жалпы Премьер-Министр Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулерді мақұлдады.
Қарау саны: 1766 |
|
|