Қазақстанда 2025 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері бойынша

05.08.2022

Әлемдік қоғамдастықпен қатар Қазақстан елдегі жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуға үлкен көңіл бөледі, деп хабарлады ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бағдарлама шеңберінде энергетикалық кешенді жаңғырту көзделген, бұл 2025 жылға дейін 3,2 мың жұмыс орнын құра отырып, жаңартылатын энергия көздері бойынша 40 жобаны іске қосуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 900-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 11 ЖЭК жобасын іске қосу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда 5 нысан өз жұмысын бастайды. Оның ішінде 3 күн электр станциясы және 330 жұмыс орнын құрумен 2 жел станциясы бар. Жыл соңына дейін қосымша 577 жұмыс орны құрылады.

Ведомство басшысы ірі жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырып жатқан жобаларға жеке тоқталды.

«Биыл Қарашығанақты кеңейту жобасын іске асыру басталды. Өндіруші қайраңды қолдауға бағытталған осы жоба шеңберінде 2025 жылға дейін шамамен 2,6 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ағымдағы жылға жоспарланған 2 мың жұмыс орнынан 1,5 мың жұмыс орны құрылды. Қашаған кен орнында су тазарту қондырғысы бойынша жоба жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ Қашағанда өндіруді ұлғайту үшін 2а фазасы мен 2Б фазасын кеңейту жобалары қарастырылуда. Бұл жобаларда 2025 жылдың соңына дейін 3 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ ірі жер қойнауын пайдаланушылардың (ТШО, НКОК, КПО) айналасында түрлі жабдықтарды өндіруге және жеткізуге 18 келісімшарт жасалды. Сонымен қатар, үш компания әлеуметтік нысандарды іске асыру аясында 2 мыңға жуық уақытша, ал нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 600 — ден астам тұрақты жұмыс орнын ашатынын атап өткен жөн.

«Қазмұнайгаз» компаниясы 2024 жылға дейін Астрахань-Маңғышлақ магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту жобасының 1-кезегін іске қосуды жоспарлап отыр, оның шеңберінде 1 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. 2023-2024 жылдар аралығында Маңғыстау облысындағы Тоқымақ кен орнында теңіз суын тұщыландыру зауытын салу жоспарлануда, онда құрылыс кезінде — 242 жұмыс орны, сондай-ақ пайдалануға берілгеннен кейін 116 жұмыс орны ашылады», - деді министр

Оның айтуынша, 2022-2024 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу кезінде 361 жұмыс орны ашылады.



Қарау саны: 1763
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!