Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының

12.08.2022

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла Шахидті қарсы ала отырып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту тұрғысынан оның сапарының маңыздылығын атап өтті

Президент жаһандық бейбітшілікті, қауіпсіздік және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі Дүниежүзілік ұйымның айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар Абдулла Шахидтің БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымындағы белсенді қызметін жоғары бағалады.

«БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы – барша адамзат үшін ең қажетті шешімдерді ұсыну мақсатымен басшылардың сындарлы жағдайда бас қосуы үшін бірегей мүмкіндік. Біз осы маңызды іс-шараны нәтижелі өткізу үшін Сіздің қосып отырған үлесіңізді құрметтейміз»,– деді Мемлекет басшысы. 

Өз кезегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы Қазақстанға және Орталық Азияға алғаш рет келгенін атап өтті. Ол біздің ел мен БҰҰ арасындағы 30 жылдық кезеңдегі көпжоспарлы әріптестіктің деңгейіне көңілі толатынын жеткізді, сондай-ақ Қазақстан көшбасшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып отырған ауқымды реформаларды, елдің Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен референдумның қорытындылары жоғары бағаланады.

Абдулла Шахидтің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан реформалар адам құқықтарын қорғауды және Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға 13-15 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтетінін айтты. Президент Біріккен Ұлттар Ұйымына осы форумға дәйекті қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Абдулла Шахид әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының форумын маңызды алаң деп атап, Съездің деңгейін жоғары бағалады. Оның сөздері бойынша, әлемнің көптеген елдерінде түсінбеушілік адамдардың сенімдері үшін кемсітуге себеп болады. Сондықтан БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы әлемнің рухани көшбасшыларының бүкіл әлемде алға басуы алдағы іс-шараның негізгі месседжіне айналатынына сенім білдірді.



Қарау саны: 1863
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!