Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының халықпен кездесуінің қорытындылары

10.08.2022

Адамдар өздері көтеріп отырған мәселелердің шешіліп жатқанын көруі тиіс - Әлихан Смайылов халықпен кездесудің жаңа форматы туралы

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының 2022 жылдың І жартыжылдығындағы халықпен кездесуінің қорытындылары қаралды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров баяндама жасап, орталық мемлекеттік органдардың басшылығымен азаматтармен 45 кездесу өткізілгенін хабарлады. Бұл ретте министрлердің ең көп шығуы Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарына келді.

Ақпараттық алаң мониторингі кездесулердің республикалық және өңірлік баспа БАҚ-та, телеарналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланғанын көрсетті.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта барлық деңгейдегі әкімдермен 594 мың адамның қатысуымен 8,5 мыңға жуық кездесу өткізілді, онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және экология, жолдарды реконструкциялау, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу және т. б. мәселелер көтерілді.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлер мен әкімдердің азаматтармен кездесулері жаңа форматта өткізіліп жатқанын, онда жанды қарым-қатынасқа баса назар аударылатынын атап өтті.

Сондай-ақ халықпен кездесулер алдында азаматтардың өтініштеріне алдын ала талдау жүргізілді, бұл проблемаларды неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеуге, оларды шешудің ықтимал жолдарын әкімдік деңгейінде немесе ведомствоаралық өзара іс-қимыл кезінде қарауға мүмкіндік берді.

 «Барлық деңгейдегі әкімдер халықпен кездесулер өткізгеннен кейін проблемалық мәселелерді жүйелеп, оларды қаржыландыру нұсқаларын пысықтау үшін мәслихаттардың қарауына шығарады», — деді Әлихан Смайылов.

 

Үкімет басшысының айтуынша, жекелеген өңірлерде кездесулер өткізудің жаңа форматына әлі бейімделмеген, алайда, осыған қарамастан, мұндай іс-шараларға еркін қол жеткізу қағидаты сақталуы тиіс.

«Мемлекет басшысы «естуші мемлекет» қағидатын сақтаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Біз адамдардың проблемаларын, олардың сын-пікірлерін тыңдауымыз керек. Адамдар мұнда және қазір болып жатқан қарапайым нәрселерге алаңдайды. Тек тұрғындардың барлық деңгейдегі әкімдермен кездесулерінің қорытындысы бойынша 30 мыңға жуық мәселе мен ұсыныс көтерілді. Оларды міндетті түрде шешу керек. Адамдар өздері көтеріп отырған мәселелердің шешіліп жатқанын көрулері тиіс", — деп атап өтті Премьер-министр.

Осыған байланысты орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға халықпен жоспарланған кездесулер өткізуді жалғастыру және олардың әрқайсысын не істелгенін және басқа мәселелердің қалай шешілетінін көрсету үшін кеңінен жария ету тапсырылды.

Министрлер мен әкімдерге проблемалық мәселелерді жедел шешуге баса назар аудара отырып, халықпен кездесулердің нәтижелілігін арттыру, нысаналы топтармен үнемі кездесулер өткізу тапсырылды.

Әлихан Смайылов сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру немесе нақтылау кезінде кездесулерде халықтың көтерген мәселелерін ескеру қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, Премьер-министр министрлер мен әкімдердің халықпен кездесуін бағалау өлшемшарттарын әзірлеуді тапсырды, олардың нәтижелерін Үкімет үнемі қарастыратын болады.

 

 

 

 



Қарау саны: 1797
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!