"Ашық НҚА" сайтында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңының жобасы жарияланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері-21 907 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері-53 076 теңге;
- жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-3 450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 40 567 теңге болып белгіленсін.
Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға арттыруды ескере отырып көзделген.