Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін
25.08.2022
Өнімнің бір бөлігі ішкі нарыққа шығуы тиіс" — Әлихан Смайылов АӨК субсидиялау жүйесін реформалау туралы Қатысушылар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және тасымалдау мәселелерін, сондай-ақ құс шаруашылығын, тұқым шаруашылығын және қант Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазіргі уақытта АӨК субсидиялау жүйесін реформалау бойынша рәсімдерді оңайлатуды, қолданыстағы бағыттарды оңтайландыруды және субсидиялардың жаңа түрлерін енгізуді, инновацияларды пайдалануды ынталандыруды және ауылда кооперацияны дамытуды көздейтін жаңа тәсілдер әзірленгенін хабарлады. Бұл ретте субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік қаражатты алушылар үшін бақылау құралдары мен қарсы міндеттемелерді енгізу жоспарлануда. Премьер-Министр түзетулер пакеті шеңберінде өнімнің бір бөлігін ішкі нарықта сату бойынша міндеттемені көздеу қажет екенін атап өтті. "Біз кейбір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алып, содан кейін барлық өнімді экспортқа жіберетін жағдайды байқап отырмыз. Демек, біз кейбір позициялар бойынша тапшылықпен қаламыз, ал бұл бағаның өсуін туындатады. Сондықтан өнімнің бір бөлігі ішкі нарықта сатылуы керек. Мұны өндіріс пен тұтыну көлемінің негізінде анықтау қажет", - деді Әлихан Смайылов және бейінді ведомствоға осы шараны пысықтауды тапсырды. Отырыс барысында "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС Бас директоры Фарид Абитаев тауар өндірушілердің коммерциялық банктерге тәуелділігі мәселесін көтерді, себебі аграршылар несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды автоматты түрде жоғалтуына байланысты қолдаудың жеңілдікті бағдарламаларына ауыса алмайды. Бұл мәселені қысқа мерзімде Ауыл шаруашылығы министрлігіне пысықтау тапсырылды. "Қазір "Атамекен" ҰКП-мен бірге кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау жүргізілуде. Субсидиялау ережелеріне сәйкес, олармен кездесетін бизнестің көмегімен барлық түсініксіздіктер мен қайшылықтарды жою үшін жұмыс жүргізу қажет. Мұны қысқа мерзімде жасау керек", — деді Әлихан Смайылов. Отырыста тағы бір проблемалық мәселені "DALA-FRUIT.KZ" ЖШС құрылтайшысы Болатбек Нәжметдинұлы көтерді. Ол өңірлерде жергілікті ЖМҚС транзиттік көлікке дизель отынын құюды жөн көретінін, ал төмендетілген баға көзделген отандық машиналар отынсыз қалатынын атап өтті. "Жаңа төлем жүйесі дүйсенбіден бастап енгізілді. Қазір талапты сақтамайтын ЖМҰС-ды біз лицензияны қайтарып алғанға дейін жазалаймыз. Жақын арада бұл мәселе реттелетін болады",-деп атап өтті Премьер-Министр. Отырыста сондай-ақ "Алель Агро" АҚ Басқарма төрайымы Рәзия Жатақпаева мен "Ақсукант" ЖШС құрылтайшысы Қайрат Оразбеков өз ұсыныстарымен сөз сөйледі. Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығындағы жоспарланып отырған реформалардың негізгі міндеттері өнімділікті арттыру және осының есебінен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте тиімділікті арттыру үшін жаңа тәсілдер бизнес-қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимылда пысықталуда.
Қарау саны: 1737 |
|
|