Ауылдық бюджеттерді кеңейту
03.09.2020
Ауылдық округтер бюджеттерінің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту туралы ҰЭМ басшысы Руслан Дәленов хабарлады.
«Әрбір нақты өңірдің бәсекелестік артықшылықтарын ашу бойынша шараларды қамтитын елдің өңірлік дамуының жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Ол үшін 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасына өзгерістер енгізіледі. Ауылдардағы өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған «Ауыл ел бесігі» жобасын белсенді іске асыру жалғасады. Жергілікті өзін - өзі басқаруды жетілдіру шеңберінде ауылдық округтер бюджеттерінің қаржылық мүмкіндіктері кеңейтіледі (салықтар мен төлемдердің 4 түрін беру)», - деп хабарлады министр 2 қыркүйекте Үкімет отырысында . Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. Оның шеңберінде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету, өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыру бойынша міндеттерді анықтады. Ұлттық экономика министрлігі жұмысты бес негізгі бағыт бойынша жүргізетін болады: кәсіпкерлікті дамыту; салық-бюджет саясатын жетілдіру; инвестицияларды ынталандыру; теңгерімді өңірлік даму; мемлекеттік басқару.
Қарау саны: 2823 |
|
|