ҚР рейтингі: BBB-

07.09.2020

«S&P Global Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның дербес кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінде растады, болжамы «тұрақты».

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстан рейтингі елдің тұрақты фискалдық позициясымен, оның ішінде Ұлттық қорда жинақталған қаражат пен сыртқы борыштың төмен деңгейінің арқасында қолдау табады. ҚР Үкіметі пандемияның жағымсыз көріністерін тежеуге бағытталған іске асырып жатқан  шаралары, сондай-ақ биліктің сабақтастығы есебінен мемлекеттік институттардың тұрақтылығы мен болжамдылығының жоғары деңгейі экономикаға жағымды әсер етеді.

Рейтинг агенттігі қысқа мерзімді перспективада ұлттық экономиканың күрт қалпына келуін болжайды-2021-2023 жылдары орташа өсу қарқыны шамамен 4% - ды құрайды.

S&P 2019 жылы ұлттық экономика өсуінің негізгі факторы мұнай емес секторы, оның ішінде құрылыс, көлік, өңдеу секторы болғанын атап өтті. 2020-2022 жылдары мұнай емес сектор ұлттық өндірістің қалпына келуі мен өсуінің жетекші факторы бола береді.


Қарау саны: 2790
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!