Экономика министрінің халықпен есептік кездесуі

08.06.2020


Дүйсенбі, 8 маусым күні Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Есептік кездесудің тікелей көрсетілімі министрліктің Facebook-тегі ресми парақшаларында, сондай-ақ YouTube-арнада жүргізілді.



Қазақстандықтар өз сұрақтарын министрліктің call-орталықтары мен Интернет ресурстары арқылы министрге жіберді.

Өз есебінің басында Р.Дәленов 2019 жылы елдегі ЖІӨ өсімі 4,5%-ды, инфляция - 5,4%-ды, халықтың табысы - 6,5%-ды, негізгі капиталға инвестициялар - 8,5%-ды, жұмыссыздық – 4,8%-ды, экспорт-58 млрд. долларды құрағанын хабарлады.

Көрсетілген кезеңдегі саудааралық айналым 96 млрд.теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың көрсеткіштері туралы айта келе, министр карантиндік шаралар аясында іскерлік белсенділіктің төмендегенін атап өтті. Пандемия жағдайында соңғы 4 айда ЖІӨ 0,2% - ға төмендеді.

Бұл ретте, ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру және отандық бизнесті қолдау мақсатында мемлекет бірқатар экономикалық шаралар қабылдады. 

Мұнда несиелеуді жеңілдету сияқты салықтық ынталандырулар туралы сөз болып отыр.

2020 жылы "Даму" мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту қоры-микрокредиттік қарыздардың 85% - на дейін кепілдік береді. Осылайша, мемлекет кәсіпкерлер үшін қаржыландыру шарттарын жеңілдетеді.

Микрокредит беру рәсімдерін оңайлату өтініштерді қарау тәртібі есебінен жүзеге асырылады. Шілде айында өтініштер жедел режимде - топтық тәртіпте қаралатын болады.

"Өткен жылы және төрт айда 6 мың жобаға қолдау көрсетілді (ШОБ - автордың ескертпесі)"- деді Руслан Дәленов. Экономика министрлігінің мәліметі бойынша Еңбек бағдарламасы негізінде қалада 6% жылдық кредит беру мөлшерлемесімен 19,9 млрд.теңге сомасына 1740 шағын несие берілді.

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша 8,5% мөлшерлемемен 197,1 млрд.теңге сомасына 3105 жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетілді. "Қарапайым заттар экономикасы" жобасы 185,7 млрд.теңге сомасына 1409 жобаға жеңілдетілген кредит беруді жүзеге асырды (6% мөлшерлеме).

Қазіргі уақытта елімізде шағын және микро бизнесті тексеруге мораторий енгізілді, - деп атап өтті министр. Оның айтуынша,"3 жыл ішінде шамамен 100 мың тексеру жүргізілмейді". 

Бұдан басқа, кәсіпкерлерді қолдау үшін бизнес-климатты жақсарту бойынша заңнамалық бастамалардың 8-ші пакеті әзірленді.

Ұлттық экономика министрі сондай-ақ Doing Business халықаралық кәсіпкерлікті дамыту рейтингінде Қазақстан қазіргі уақытта 25-ші орында тұрғанын, ал бір жыл бұрын Дүниежүзілік Банктің осындай зерттеуінің 28-ші позициясында болғанын атап кеткен.

Бүгінгі күні экономикадағы ШОБ үлесі - 30.8%, 3,4 млн.адамды құрады.



Қарау саны: 3274
Сақталған: 20.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!