МҚҰ: нарықтан кету қаупі бар

10.09.2020


Екі мыңнан астам микрокредиттік ұйым ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өте алмады.

Қазақстанның микроқаржылық ұйымдар қауымдастығында шамадан тыс бақылау адал фирмаларды көлеңкеге шығаратыныны туралы айтылады.

«Қазіргі уақытта реттеуші микроқаржы ұйымдары қаражатты қайтара алмайтындарға қарыз бермеуі үшін жеткілікті шаралар қабылдады. Қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициентін есептеу тетігі және басқа да нормативтік шектеулер осылай жұмыс істейді. Осы саладағы заңнаманы шамадан тыс қатаңдату микроқаржы ұйымдарының заңды және реттелетін секторының тарылуына, кредиттік қызметтердің көлеңкелі нарығының кеңеюіне әкелуі мүмкін. Сондықтан қатаң шектен тыс реттеушілік шараларды барабар қолдануға үміттенеміз», - деді Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының директоры Ербол Омарханов.

Микроқаржы ұйымдары кепілсіз тұтынушылық несиелеудің өсуінің басты себебі емес, деп санайды бейінді қауымдастық.

Бұл нарықтың дәстүрлі ойыншылары негізінен шағын және орта бизнеске несие беретінін атап кетейік. Статистикаға сәйкес, олардың жалпы несие портфеліндегі үлесі тек 2 пайызды құрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйектен бастап есептік тіркеуден өтпеген компанияларға қатысты оларды мәжбүрлеп тарату үшін соттарға талап арыз берілетін болады.


Қарау саны: 2881
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!