Автомобиль өндірісі 51,8%-ға өсуді

15.09.2020

Машина жасау саласы өндірісінің көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 16,3% - ға өсті. Автомобиль жасау секторы 51,8% - ға өсуді қамтамасыз етті.

Аталған кезеңде шамамен 45 мың автомобиль өндірілді.

«Алматы қаласында қуаттылығы жылына 45 мың бірлікті құрайтын «Hyundai» (Hyundai Trans Kazakhstan ЖШС) маркалы жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосу отандық автомобиль жасау нарығының қуатын екі есе арттыруды қамтамасыз етеді», - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында.

Ол сондай-ақ Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылатынын, онда ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге арналған құранды бөліктер шығарылатынын хабарлады. «Ауданы 38 мың шаршы метр болатын өндірістік кешен ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосылып, келесі көктемде жобалық қуаттылыққа қол жеткізетін болады. Бизнес-инкубатор елдегі ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерін өндірушілер үшін қажетті 2000-нан астам бөлшектер мен тораптарды оқшаулау арқылы қазақстандық қамту үлесінің өсуіне ықпал ететін болады, бұл да жаңа құзыреттердің артуына ықпал етеді. Қостанай қаласының өнеркәсіптік аймағында «КамАЗ» қозғалтқыштарына қосалқы бөлшектерді құю өндірісі жолға қойылады», - деп толықтырды мекеме басшысы.

Өндірілетін өнімнің 95% экспортқа бағытталғанын атап кеткен жөн.


Қарау саны: 2898
Сақталған: 15.09.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!