Азық-түлік бағасының өсуі
16.09.2020
Жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4% - ға өсті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айларында үкімет бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импорты мен сатылымына қосылған құн салығының мөлшерлемесін 12% - дан 8% - ға дейін төмендетті. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап азық-түлік бағасының өсуі баяулады. Атап айтқанда, мамыр айында бағалар 0,1% - ға өсті, маусым мен шілдеде өспеді, ал тамызда 1% - ға төмендеді. «Біздің бағалауымыз бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарлары бағасының өсуі тұрақтануда және жыл соңына дейін 6% - дан аспайды», - деп атап өтті Сұлтанов 15 қыркүйек, сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында. Болашақта бағаның өсуіне жол бермеу үшін әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтыруда, бүгінде оларда 27,7 мың тонна азық-түлік жиналған. Сондай-ақ олар тағы 21,6 мың тонна жеткізуге форвардтық шарттар жасасты. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру міндеттемесімен «айналым схемасына» жергілікті бюджеттен 14,2 миллиард теңге бөлінді.
Қарау саны: 2967 |
|
|