Резерв мүшелерімен кездесу
21.09.2020
Президенттік кадрлық резервпен кездесу барысында Руслан Дәленов Президент Жолдауын іске асыру бойынша Ұлттық экономика министрлігі қызметінің негізгі бағыттары мен басым міндеттері туралы айтып берді.
«Экономиканы дамыту бағыты бойынша ШОБ-ты дамытудан бастап өнеркәсіптік саясатқа дейінгі 10 негізгі кіші тақырып бар. Мұның бәрі жаңа экономикалық бағыттың негізін құрайды. Жаңа экономикалық стратегия ағымдағы жылдың қараша айында әзірленеді деп болжануда», - деді кездесу барысында Руслан Дәленов. Министрдің айтуынша, корпоративтік басқаруды жақсарту және квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша ұсыныстар әзірленеді. Жаңа жағдайда экономикалық даму бағыты аясында инвестициялардың жаңа толқынын тарту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жаңа құрал – стратегиялық инвестициялық келісім енгізілетін болады. Бұл стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының бірыңғай топтамасын ұсынуды көздейді. Оның ішінде-инвестициялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде заңнамалық жағдайлардың тұрақтылығы. Экономикалық ведомство басшысы атап өткендей, ШОБ-ты, оның ішінде экономиканың зардап шеккен секторларында қолдау мен дамыту жалғасады. Сонымен қатар, Дәленов резервшілерге Министрліктің құрылымын жақсарту, сондай-ақ халық үніне құлақ асатын мемлекет идеясын ілгерілету үшін жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылғаны туралы хабарлады. «Біз министрлікте басқарушы кеңес құрдық. Оған министрліктің үш өкілі және сарапшылар қауымдастығының үш өкілі кірді. Оның мәні-директорлар, министрліктің жауапты тұлғалары жүргізіліп жатқан реформа туралы кеңес алдында есеп беріп, кері байланыс алуында. Бізде сарапшылық кеңеске кадрлық резервтегі өкілді қосу туралы идея пайда болды», - деп түйіндеді ол.
Қарау саны: 2992 |
|
|