25.09.2020
Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Омаров Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды.
«Бұл құжат өлім жазасының күшін жоюды көздейді. Қазіргі уақытта Қазақстанда өлім жазасын қолдануға мораторий қолданылады. Аталған құжатқа қосылу қажеттілігі туралы мәселені қазақстандық құқық қорғаушылар мен сарапшылар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі алаңында түрлі пікірталастар барысында көтерді», - деп түсіндірді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен толығымен тоқтатылды.
Қарау саны: 3012
Сақталған: 22.12.2024