30.09.2020
Қазақстанда алғаш рет жер қойнауын пайдаланушылар үшін аукцион онлайн өтеді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион 2020 жылғы 23 желтоқсанда өтеді. Аукцион Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10-нан 17-ге дейін өткізіледі. Аукцион арқылы 10 учаскені сату жоспарлануда. Аукционға өтінішті электрондық аукциондар операторының gosreestr.kz. сайтында аукционға шығарылған учаскелер бойынша 29 қарашаны қоса алғанға дейін беруге болады.
Электрондық аукциондар бәсекелестіктің ашық тетігін құруға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ бәсекелестік ортаны арттыруға оң әсер ететінін атап кеткен жөн. Оларды енгізу жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекске енгізілген түзетулердің арқасында мүмкін болды, олар аукциондарды электрондық форматта өткізуге мүмкіндік береді.
Бұрын аукциондар қағаз түрінде өткізілетін, бұл қатысушыларға белгілі бір қолайсыздықтар туғызды.
Қарау саны: 3072
Сақталған: 30.09.2020