БҰҰ-ның саммиті

01.10.2020

Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің төрағалығымен «Орнықты даму үшін биоалуантүрлілікті сақтаудың шұғыл шаралары» атты отырыс өтті. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев теңізге тікелей шыға алмайтын дамушы елдер (НВМРС) атынан баяндама жасады.

«Біздің халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін биоалуантүрліліктің маңыздылығын ескере отырып, НВМРС тобы биоалуантүрлілік саласындағы әрекеттерді жеделдетуге шақырады. Біз 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне өз үлесін қосатын 2020 жылдан кейінгі кезеңге арналған биоалуантүрлілік жөніндегі жаһандық негіздемелік бағдарламаны қолдау үшін ең жоғары деңгейде шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтеміз. Біз негіздемелік бағдарламада биоалуантүрлілік саласындағы НВМРС - ның ерекше қажеттіліктерін ескеруге және әлемдік қоғамдастықты «табиғатпен үндес өмір сүруді» көздейтін 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған биоалуантүрлілік тұжырымдамасын іске асыру жолына бағыттауға шақырамыз», - деді министр саммит барысында биоалуантүрлілік Қазақстанның маңызды ұлттық мүдделерінің бірі болып табылатынын атап өтіп.

«Біздің еліміз Биологиялық алантүрлілік туралы конвенцияны ұстанады және келесі қадам 2030 жылға дейін иологиялық алуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану тұжырымдамасын қабылдау болып табылады. ... Қазақстан Үкіметі орман қорын қорғау және өсімін молайту бойынша жұмыс жүргізуде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісі кеңеюде, жануарлардың көші - қоны үшін экологиялық дәліздер құрылуда», - деп атап өтті ол.

Саммитте бірқатар мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары сөз сөйледі. Басшылар биоалуантүрлілікті сақтаудың 2020 жылдан кейінгі кезеңге арналған жаһандық бағдарламасы туралы өз пікірлерін білдірді. Бұл бағдарлама 2021 жылы Биологиялық алуантүрлілік туралы конвенция тараптарының 15-ші конференциясында қабылданады.


Қарау саны: 3083
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!