Құрылыс үшін шығындар лимиттері
05.10.2020
Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор инвестицияларының қатысуымен объектілерді салуға арналған шығындардың шекті лимиттері белгіленді.
Шаралар құрылыс жұмыстары мен материалдардың құнын жоғарылату жағдайларын болдырмау мақсатында қабылданды. Мемлекеттік сараптама порталында шығындар лимитін анықтауды автоматтандыру үшін (epsd.kz) нысан құрылысының шекті құнын есептеуге мүмкіндік беретін онлайн-калькулятор әзірленді. Жобалау-сметалық құжаттаманың деректер банкінің негізінде ірілендірілген сметалық нормативтер (ІСН) қалыптастырылатын болады, олардың мәндері жобаны іске асырудың шекті құны болады. Импорттық материалдар мен технологиялық жабдықтардың құнын анықтау үшін шетелдік базалардың деректерін бастапқы көзде пайдалану жоспарлануда.
Қарау саны: 2763 |
|
|