Мемлекеттік басқару индикаторлары

06.10.2020

Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметінің билік институттарын күшейту, олардың тиімділігін, ашықтығын және болжамдылығын арттыру жөніндегі дәйекті жұмысын жоғары бағалады.

Дүниежүзілік Банктің «Мемлекеттік басқару индикаторлары» (Worldwide Government Indicators) жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес 2020 жылы Қазақстан 6 көрсеткіштің 5-і бойынша жақсарғанын көрсетті:
  • Үкімет жұмысының тиімділігі
  • Реттеушілік климаттың сапасы
  • Саяси тұрақтылық
  • Заң үстемдігі
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Зерттеуге сәйкес, Үкімет жұмысының тиімділігі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы мен саяси және экономикалық бағыттағы тұрақтылық саласындағы көрсеткіштерді, сондай-ақ халықтың базалық мемлекеттік қызметтерді (көлік, инфрақұрылым) көрсетуге қанағаттану деңгейін арттыру есебінен жақсарды.

Реттеушілік климаттың сапасы бойынша Қазақстан бірнеше жыл бойы қалған бес көрсеткішпен салыстырғанда ең үздік нәтижелерді көрсетіп келеді.

Елдегі саяси тұрақтылық көрсеткіштерінің жақсаруына билік сабақтастығының қамтамасыз етілуі, сондай-ақ ішкі және сыртқы қақтығыстардың болмауы ықпал етті.

Заң үстемдігі көрсеткіші бойынша ілгерілеу дауларды баламалы реттеу жүйесін дамыту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтық пен қылмыстық заңнамаларды жақсарту есебінен байқалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес индикаторы халықтың сыбайлас жемқорлықты түйсінудің қосалқы индикаторлары бойынша жақсартулар және бизнес жүргізу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету есебінен жоғарылады.

Зерттеу нәтижелері бойынша Fitch рейтингтік агенттігі ұлттық экономиканың кредиттік бағасын «BBB» деңгейінде нығайта отырып, Үкімет жұмысының тиімділігінде оң қарқынды атап өтті, болжам «тұрақты» болды.

Кредиттік агенттік ұлттық экономиканың кредиттік рейтингін ұстап тұратын факторларды атап өтті: мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, мемлекеттік институттардың күшеюі, елеулі фискалдық резервтер, оның ішінде шетел валютасындағы резервтер.

Fitch сондай-ақ өндіруші және өңдеуші секторлардағы ҚР экономикасының өсу әлеуетін жоғары бағалады.




Қарау саны: 2982
Сақталған: 06.10.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!