Мемлекеттік басқару индикаторлары
06.10.2020
Дүниежүзілік банк Қазақстан Үкіметінің билік институттарын күшейту, олардың тиімділігін, ашықтығын және болжамдылығын арттыру жөніндегі дәйекті жұмысын жоғары бағалады.
Дүниежүзілік Банктің «Мемлекеттік басқару индикаторлары» (Worldwide Government Indicators) жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес 2020 жылы Қазақстан 6 көрсеткіштің 5-і бойынша жақсарғанын көрсетті:
Реттеушілік климаттың сапасы бойынша Қазақстан бірнеше жыл бойы қалған бес көрсеткішпен салыстырғанда ең үздік нәтижелерді көрсетіп келеді. Елдегі саяси тұрақтылық көрсеткіштерінің жақсаруына билік сабақтастығының қамтамасыз етілуі, сондай-ақ ішкі және сыртқы қақтығыстардың болмауы ықпал етті. Заң үстемдігі көрсеткіші бойынша ілгерілеу дауларды баламалы реттеу жүйесін дамыту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтық пен қылмыстық заңнамаларды жақсарту есебінен байқалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес индикаторы халықтың сыбайлас жемқорлықты түйсінудің қосалқы индикаторлары бойынша жақсартулар және бизнес жүргізу үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету есебінен жоғарылады. Зерттеу нәтижелері бойынша Fitch рейтингтік агенттігі ұлттық экономиканың кредиттік бағасын «BBB» деңгейінде нығайта отырып, Үкімет жұмысының тиімділігінде оң қарқынды атап өтті, болжам «тұрақты» болды. Кредиттік агенттік ұлттық экономиканың кредиттік рейтингін ұстап тұратын факторларды атап өтті: мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, мемлекеттік институттардың күшеюі, елеулі фискалдық резервтер, оның ішінде шетел валютасындағы резервтер. Fitch сондай-ақ өндіруші және өңдеуші секторлардағы ҚР экономикасының өсу әлеуетін жоғары бағалады.
Қарау саны: 2840 |
|
|