Гендерлік талдаудың алдын ала нәтижелері
25.02.2021
Ақмола облысында әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жоспарлау және бюджеттеу жүйесін гендерлік талдаудың алдын ала нәтижелерін талқылау бойынша сараптамалық пікірталас бойынша баспасөз-парағы 2021 жылғы 19 ақпанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығы онлайн-форматта сараптамалық пікірталас өткізді. Кездесуде Ақмола облысының мысалында әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы гендерлік талдаудың алдын ала нәтижелері талқыланды. Іс-шараға БҰҰ-Әйелдер халықаралық ұйымының, Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ақмола облысы әкімдігінің облыстық басқармаларының өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның сарапшылары қатысты. Кездесуді «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.Ғ. Мұқан ашты, ол жоспарлау және бюджеттеу құжаттарына гендерлік талдауды Институттың жобалық тобы ҚР ҰЭМ мен БҰҰ-Әйелдер қолдауымен Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп жүргізетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол гендерлік талдау үшін 3 сала-әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру таңдалғанын атап өтті. Пилоттық өңір ретінде Ақмола облысы таңдалды. Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер елдік бөлімшесінің басшысы Дина Амришева аталған жобаның маңыздылығы - алынған тәжірибе мен гендерлік талдау нәтижелері әкімдіктердің жұмысында пайдаланылатынын атап өтті. ТДМ Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар Ақмола облысындағы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы гендерлік талдаудың алдын ала нәтижелерімен таныстырды. Сарапшы зерттеу аясында Ақмола облысы Әкімдігінің облыстық басқармалары ұсынған статистикалық деректерге талдау жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, облыстық басқармалармен бірлесіп білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында таңдалған бағыттар бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді: халық арасында сауалнама және әлеуметтік осал тұрғындармен сұхбат. Таныстырылым барысында білім беру, денсаулық сақтау
және әлеуметтік қорғау саласындағы гендерлік талдаудың алдын ала
нәтижелері ұсынылды:
Халықаралық сарапшы Гаращенко гендерлік талдау нәтижелері бойынша егжей-тегжейлі және нақтыланған статистикалық және ведомстволық деректердің қажеттілігі туралы мәселе туындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, егжей-тегжейлі деректерсіз талдау жүргізу ғана емес, гендерлік сезімталдық саясатын әзірлеу де қиын. Сондай-ақ, ол алынған мәліметтердің арқасында зерттеудің барлық бағыттары бойынша бағдарламаларды егжей-тегжейлі дайындауға болатындығын атап өтті. Таныстырылым барысында «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан қолжетімділіктің интерактивті картасы деректерінің талдауы ұсынылды (http://inva.gov.kz), - ол мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мекемелердің қолжетімділігін көрсетеді. «Я сам шагаю» мүгедектерді оңалту ҚҚ өкілі Волкова ханым мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Көкшетау қ. инфрақұрылымдарының қолжетімділік картасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Онда Көкшетау қ. бойынша 500-ге жуық нысан ұсынылған. «Арман
АНК» РҚБ өкілі Умарова ханым гендерлік талдау нәтижелері мемлекеттік
деңгейде қажет екенін атап өтті - барлық бюджеттерді гендерлік
аспектілерді ескере отырып әзірлеу қажет. "БҰҰ-Әйелдер" бағдарламалық маманы Смайылова ханым зерттеу өте
пайдалы болғанын атап кетті: нәтижелер және ұсынымдар Ақмола облысының
әкімдігі мен басқа мемлекеттік органдар үшін бюджет қаражатын бөлу
бойынша қажетті іс-шаралар жоспарын айқындайды. Анықтамалық:
Қазіргі уақытта ҰЭМ мен БҰҰ-Әйелдердің «Тұрақты даму мақсаттарына қол
жеткізуге және Қазақстанда тең құқықты ілгерілету саласындағы
міндеттемелерді іске асыруға жәрдемдесу» тақырыбындағы бірлескен жобасы
іске асырылуда.
Қарау саны: 1673 |
|
|