Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін оқыту

23.04.2021

22-23 сәуірде орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін Қазақстанның бюджеттік және стратегиялық жоспарларының ТДМ-ға және 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне сәйкестігін Жылдам кешенді бағалау (ЖКБ) бойынша онлайн-тренинг өткізілді.  

Тренингті ұйымдастырушылар Ұлттық экономика министрлігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығы болды.

БҰҰДБ Ыстамбұл өңірлік хабының сарапшылары – Сурен Погосян мен Елена Данилова-Кросс салалық министрліктердің бюджеттік саясат департаменттерінің мамандары, ҚР Қаржы министрлігінің мамандары үшін бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру әдіснамасы мәселелері бойынша, сондай-ақ басқа да мүдделі қатысушылар үшін ЖКБ әдіснамасын түсіндіруді жүргізді.

Тренингтің бірінші күні ЖКБ теориялық негіздеріне арналды. Жалпы алғанда, Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) бюджеттеу (бюджетті таңбалау) тәсілдерін қалыптастыру 5 мәселеге негізделеді:

1. елімізге ТДМ бюджеттеу не үшін қажет және осы реформалардың негізгі бенефициары кім болады?

2. ТДМ бюджеттеу бойынша жұмысқа кім жауапты болады?

3. ТДМ бойынша таңбалау нені қамтиды?

4. бюджеттік циклде ТДМ туралы ақпарат қандай кезеңде пайдаланылады?

5. ТДМ бюджеттеу / таңбалауды мемлекеттік қаржыны басқарудың бизнес-процестеріне қалай біріктіруге болады?

Тренингтің екінші күні ТДМ мақсаттарына сәйкес ҚР бірыңғай бюджеттік сыныптамасын келтіру бойынша үш бағыт бойынша практикалық сабақ өткізілді: (1) денсаулық сақтау, (2) білім беру, (3) әйелдер мен балалар.

ТДМ бюджеттеу мақсаттардың логикасына негізделген қаражатты құрылымдауға және сапалы бөлуге мүмкіндік береді. ЖКБ елдік мәнмәтінді назарға ала отырып, ТДМ-ға қол жеткізу құралдарын бағалау бойынша нақты қадамдар мен құралдарды ұсынады. 

Бүгінде көптеген елдер ТДМ бюджеттеуді енгізді, алайда имплементациялаудың бірыңғай тетігі жоқ. Шартты түрде бұл процесті бес түрге жіктеуге болады: 

1. бюджетті тұрақты даму мақсаттары деңгейінде таңбалау (Непал);

2. бюджеттік өтінімдердің жаңа нысанын әзірлей отырып, бірақ министрліктерді шектеулі қамти отырып, бюджетті таңбалау (Моңғолия), 

3. барлық министрліктерді толық қамти отырып, бірақ үстіртін талдаумен бюджеттік өтінімдердің жаңа нысанын әзірлей отырып, бюджетті таңбалау (Армения),

4. Шоттар жоспарына ТДМ жіктеуішін енгізумен бюджетті таңбалау (Гана),

5. бағдарламалық-нысаналы бюджеттеумен байланыстыру арқылы бюджетті таңбалау (Мексика).

Онлайн-тренингке қатысушылардың интерактивті сауалнамасы ТДМ таңбалауды қазақстандық мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіне интеграциялауды бағдарламалық-нысаналы бюджеттеумен байланыстыру және тұрақты дамудың барлық мақсаттары мен міндеттерін қамту арқылы жүзеге асыру орынды екенін көрсетті. 

Сонымен қатар, Сурен Погосянның бағалауы бойынша нәтижеге бағдарланған бюджеттеу Қазақстанда бірнеше жылдар бойы қолданылып келген ТДМ бюджеттеуді енгізу үшін артықшылық болып табылады және жақсы бастапқы ұстаным береді.

Тренингке қатысушылар ТДМ бюджеттеуді құруға жоғары қызығушылық танытты, бұл мемлекеттік жоспарлау құжаттары жүйесін реформалау аясында өте өзекті болып келеді. 

Өткізілген іс-шара ТДМ бюджеттеу бойынша мемлекеттік органдар үшін оқыту тренингтері тізбегінде бірінші болып табылады.




Қарау саны: 1470
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!