ERI Жобаны басқару
26.01.2022
ERI Жобаны басқару комитетінің отырысына қатысты "Қазақстанда Қаржыландырудың Кешенді Ұлттық Тетігін әзірлеу мақсатында ТДМ-мен саясат және қаржыландыру шараларын келісу" жобасын басқару комитетінің III-ші отырысына негізгі халықаралық әріптестер мен мемлекеттік органдар қатысты. Олардың арасында-ҚР Ұлттық экономика министрлігі; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Білім министрлігі; ҚР Сыртқы істер министрлігі; ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы; "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ; БҰҰ Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі; БҰҰ Даму Бағдарламасы; ЮНИСЕФ және АзТМЭӘК бар. 2021 жылы жүргізілген зерттеулер бойынша жұмыстардың нәтижелері және 2022 жылға көзделген жылдық жұмыс жоспары талқыланды. ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова мен БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің кеңесшісі Константин Сокульский 2021 жылы жүргізілген жұмыстың арқасында Қазақстанда ТДМ-мен саясат пен қаржыландырудың қажетті шараларын қалыптастыру бойынша қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілгенін атап өтті. "2022 жылы ТДМ бойынша қаржылық қажеттіліктер мен олқылықтарды бағалау саласындағы ұлттық серіктестердің әлеуетін арттыру; ТДМ-мен келісілген климаттық қаржыландыру стратегиясын қалыптастыру; Қазақстанда ТДМ бюджеттеу бойынша Жол картасын әзірлеу және басқа да көптеген жұмыстар жоспарлануда". "2022 жылы ТДМ бойынша қаржылық қажеттіліктер мен олқылықтарды бағалау саласындағы ұлттық серіктестердің әлеуетін арттыру; ТДМ-мен келісілген климаттық қаржыландыру стратегиясын қалыптастыру; Қазақстанда ТДМ бюджеттеу бойынша Жол картасын әзірлеу және басқа да көптеген жұмыстар жоспарлануда".
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар жоба аясында 2021 жылғы зерттеулердің негізгі нәтижелерімен бөлісті. Осылайша, 2021 жылы үш пилоттық өңірде дамуды қаржыландыруды бағалау
бойынша жобалар аяқталды, әдістеме әзірленді және Жылдам кешенді бағалау
шеңберіндегі тәсілдер ұсынылды, гендерлік аспектіні ескеретін ТДМ бюджетін
жасау алгоритмі ұсынылды. Бұдан басқа, Хамбар Қазақстанда ТДМ ұлттандыру және
оқшаулау бойынша техникалық қолдау шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмысты атап өтті. Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің саясат мәселелері жөніндегі қызметкері Арман Өмірбаев 2021 жылы балаларға арналған бюджетті қалыптастыру бойынша жұмыс қалай жүргізілгенін хабарлады, ол балаларды қолдауға арналған мемлекеттің нақты шығыстарын өлшеуге және балалар мүддесіндегі мемлекеттік шығыстардың тиімділігін бағалауға арналған. АзТМЭӘК экономикалық мәселелер жөніндегі маманы Наталья Вемер "Сапалы білім беру" 4 ТДМ шығындарын бағалаудың бейімделген әдіснамасын әзірлеуде Институтпен бірлескен зерттеу бойынша жоспарларымен бөлісті. Жобаны басқару комитетінің мүшелері осы жобаның өзекті мәселелерін және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Ескертпе: Жобаны басқару комитеті (бұдан әрі-ЖБК) жобаны жалпы басқаруды жүзеге асыратын және жоба бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын, Қазақстанда Қаржыландырудың Кешенді Ұлттық Тетігін әзірлеу мақсатында ТДМ-мен саясат және қаржыландыру шараларын келісу бойынша жобаның негізгі басқарушы органы болып табылады. ЖБК құрамына ҚР ҰЭМ, ҚР ҚМ, ҚР СІМ өкілдері, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Үйлестірушісі Кеңсесінің, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және АзТМЭӘК өкілдері кіреді. 2020 жылы ЖБК шешімімен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ талдамалық және сараптамалық қолдау көрсету үшін ынтымақтастықтың артықшылықтары негізінде ЖБК құрамына жауапты әріптес ретінде енгізілді және (2020 жылғы 2 қазандағы №00128567 ЖБК отырысының хаттамасы)." Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-ның ЖБК-ға қосылуының негізгі артықшылықтары атап өтілді: · 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруда және Қазақстанда ТДМ іске асыруда бірегей тәжірибенің болуы; · осындай өзара іс-қимылда БҰҰДБ-мен табысты бірлескен ынтымақтастық; · донорлық құралдарды басқару бойынша қызмет пен әлеуетке қатысты Harmonized Approach to Cash Transfers (HACT) микробағалауының оң нәтижелері.
Қарау саны: 1315 |
|
|