Қазақстандағы орнықты даму туралы мектеп эссе конкурсының жеңімпаздары аталды
28.04.2025
Жүздеген шабыттандыратын идея, ондаған ерекше тәсіл және бір ортақ ұмтылыс — әлемді жақсарту. "Экономикалық зерттеулер институты"АҚ БҰҰДБ және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, ҚР Ұлттық экономика және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Қазақстан оқушылары арасында өткен орнықты даму тақырыбындағы эссе конкурсының жеңімпаздарын мақтанышпен ұсынады.
Конкурс қатысушылары қазіргі заманның негізгі сын-қатерлері: экология, теңдік, инновация, орнықты экономика, жанжалсыз әлем және басқа да тақырыптар туралы ой қозғады. Шығармалар ой толықтығымен, талдау тереңдігімен және айқын азаматтық ұстанымымен ерекшеленді.
Конкурс қорытындысы бойынша 14 оқушы идеялардың бірегейлігі, тәжірибелік ойлау және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан жеке үлесін анық түсінгені үшін Ұлттық экономика вице-министрінің алғыс хаттарымен және ЮНИСЕФ-тен бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Адина Болат, Астана қаласы, №30 мектеп-гимназиясы Аружан Өміртайқызы, Астана қаласы, Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі Платон Ткач, Қостанай облысы, Мәншүк Мәметова атындағы мектеп Эмилия Алиева, Астана қаласы, №47 мектеп-гимназиясы Айбар Илеуов, Қостанай облысы, Валерьянов негізгі мектебі Малика Бегдаутова, Қостанай облысы, Мәншүк Мәметова атындағы мектеп Айжан Толеген, Астана қаласы, Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейі Жадыра Төреғазы, Абай облысы, Ақтайлақ би атындағы орта мектеп Наргиз Еркебаева, Астана қаласы, №111 орта мектеп Ернат Ғалымжан, Астана қаласы, Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы Мадина Дилшадова, Түркістан облысы, Сабыр Рахимов атындағы мектеп Дария Жунусова, Қостанай облысы, Покровка негізгі орта мектебі Рамина Уразбаева, Астана қаласы, №32 мектеп-гимназиясы Дария Давидюк, Астана қаласы, Tamos Space School
Бүкіл елден қосымша 30 оқушы белсенді қатысқаны және жасампаз көзқарасын танытқаны үшін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма Төрағасының сертификаттарымен марапатталды:
Әлихан Насыпқан, Астана қаласы, Smart Technological School Алина Шукашева, Түркістан облысы, Сәкен Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясы Виктория Цымбалаш, Қостанай облысы, Чандақ негізгі орта мектебі София Балиева, Астана қаласы, №71 мектеп-лицейі Жасмин Квинт, Қостанай облысы, Приреченка жалпы білім беретін мектебі Санджар Қармыс, Ақтөбе облысы, облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернаты Анастасия Шерер, Қостанай облысы, №2 Денисов жалпы білім беретін мектебі Томирис Садыкова, Астана қаласы, №96 мектеп-гимназиясы Жасмин Жангелдина, Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom мектеп-лицейі Айару Жеңіс, Астана қаласы, №71 мектеп-лицейі Айханым Оралбек, №69 мектеп-гимназиясы Жасмин Ислам, БҚО, Ақсай қаласы, №5 жалпы білім беретін мектеп Аян Аймагамбетов, Шығыс Қазақстан облысы, Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі Гришик Саргсян, Шығыс Қазақстан облысы, Ю.А.Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі Ариана Кенесбек, Астана қаласы, А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы Амира Бекбер, Астана қаласы, №75 мектеп-гимназиясы Ильсана Закаева, Шығыс Қазақстан облысы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Аяла Курсабаева, Астана қаласы, Smart Technological School Алия Амангельдина, Астана қаласы, Қаныш Сәтбаев атындағы Binom мектеп-лицейі Ания Аманова, Астана қаласы, Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейі Нұрай Асхат, №79 мектеп-лицейі Адия Аушакимова, Павлодар қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты Данеля Бекмабетова, Астана қаласы, №89 мектеп-лицейі Іңкәр Дүйсен, Астана қаласы, "Флагман" физика-техникалық лицейі Аяулым Каблан, Түркістан облысы, С.Сейфуллин атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп Гульназ Чиназбек, Түркістан облысы, Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп Ақтоты Фархатқызы, Шығыс Қазақстан облысы, "Жетіарал мектеп-балабақшасы" кешені Ролан Туспаи, Алматы қаласы, №8 мектеп-гимназиясы Аяжан Тілеубекова, Шығыс Қазақстан облысы, Қ.Сәтбаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай кешені Анастасия Ахметшина, Қостанай облысы, Валерьянов негізгі мектебі.
Ұйымдастырушылар жұмыстың жоғары деңгейін, қатысушылардың қазіргі заманның жаһандық мәселелеріне шынайылығы мен саналы көзқарасын атап көрсетті. Конкурс өскелең ұрпақтың әлеуетін ашудың маңызды тұғырнамасына айналды.
Бұдан басқа, үздік идеялар үшінші Ерікті ұлттық шолудың мазмұндық бөлігіне енгізіледі, бұл қазақстандық оқушылардың дауысын халықаралық кеңістікке шабыттандыратын үлгі ретінде шығаруға мүмкіндік береді.
"Экономикалық зерттеулер институты"АҚ БҰҰДБ және ЮНИСЕФ-пен бірге барлық қатысушыларға, педагогтерге және ата-аналарға белсенді қолдау, ынта және білім мен идеялардың күшіне сенгені үшін алғыс білдіреді. Біз бәріміз бірге орнықты болашақты құрамыз.
Қарау саны: 17
Сақталған: 30.06.2025
|