Редактордың сөзі
Құрметті оқырмандар мен әріптестер!
Сіздердің алдарыңызда «Journal of Economy and Finance» жаңартылған тоқсан сайынғы ғылыми журналы ұсынылған, оның құрылтайшыларының бірі "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы болып табылады.
Жаңарту, біріншіден, ғылыми мақалалардың сапасына қойылатын талаптарды арттырумен, екіншіден, редакциялық кеңестің жаңа құрамымен байланысты. Аталған кеңестің құрамына таяу және қиыр шет елдерінің беделді экономист ғалымдары кіруге келісті.
Түрлі мектептер мен бағыттардың экономист ғалымдары «Journal of Economy and Finance» журналына еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын жақсарту бойынша, ұлттық және әлемдік экономика мәселелерін шешуде қағидатты жаңа тәсілдерді әзірлеуде нақты ғылыми негізделген ұсыныстарды беретініне сенімдіміз.
Беделді экономист ғалымдарды, жас зерттеушілерді құрылымдық ынтымақтастыққа шақырамыз және сіздер біздің тұрақты оқырмандарымыз бен авторларымызға айналатыныңызға кәміл сенеміз.
Руслан Сұлтанов
"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасы