Конференция

26.10.2020

2020 жылғы 23 қазанда Дүниежүзілік азық-түлік күніне орайластырылған «Бизнес-қоғамдастықтың азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізуге қосқан үлесі» («Кедейшілікті жою» 1 ОДМ және  «Аштықпен күрес» 2 ОДМ) конференциясы өтті.

«ОДМ және Бизнес» пікірталас платформасы шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараға ЭЗИ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Хамбар қатысты.

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы БҰҰ-ның Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етудің негізгі тәсілдері мен институционалдық негіздері туралы айтып, жердің әрбір жаңа тұрғыны үшін қосымша ресурстар мен тамақ өнімдері қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, 2015 жылдан бастап бүкіл әлемде ашыққандар санының жыл сайын артуының теріс көрінісі байқалуда, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 690 миллион адамға немесе әлем халқының 9% - ына жетті. Сонымен қатар, жеткілікті тамақтанбайтын адамдардың едәуір бөлігі дамушы елдерде тұрады.

Хамбар сондай-ақ Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша аштықты жою үшін 2030 жылға қарай ауылдық және қалалық аудандарға жыл сайынғы қомақты инвестициялар қажет екенін айтып кетті, бұл орташа есеппен 267 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандағы жағдай туралы айта келе, ол азық-түлік қауіпсіздігі және «жасырын аштық», яғни дұрыс тамақтанбау, семіздік, сондай-ақ микроэлементтердің жетіспеушілігі мәселесі өте маңызды екенін атап өтті. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ең алдымен, ауыл шаруашылығының орнықты дамуына байланысты. Сондай-ақ, ол орнықты дамуды қамтамасыз етудегі бизнестің ерекше маңыздылығын атап өтті және барлығын ОДМ іске асыруға белсенді қосылуға шақырды.

Конференция барысында азық-түліктің физикалық және экономикалық қолжетімділігі, азық-түлік сапасы, ауылдағы шағын және орта бизнесті дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу сияқты мәселелер талқыланды.

Спикерлер ретінде БҰҰ ФАО Қазақстан Республикасындағы байланыс және серіктестік бойынша кеңсесінің басшысы Қайрат Нәжімеденов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Айхан Сұлтан, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі «Coca – Cola» халықаралық команиясының үкіметтік және қоғамдық байланыстар бойынша менеджері Александра Аккирман, «Филипп Моррис Қазақстан» компаниясының коммуникациялар бойынша менеджері Әсел Ахмедова,  Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы «Нұр» ШҚ басшысы – «Кедейшілікті жою» 1 ОДМ көшбасшысы Светлана Маутеева сөз сөйледі.

Александра Аккирман «Coca-Cola Белестері» жобасы туралы хабарлады, оның аясында әйелдер жыл сайын өздерінің шағын бизнесін, әсіресе ауыл шаруашылығы секторында бизнес ашуға грант алады. Әсел Ахмедова өз кезегінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы фермерлік жобаның тәжірибесін ұсынды, оған компания соңғы бірнеше жыл бойы демеушілік етіп келеді. Жоба шеңберінде көкөніс шаруашылығында ғылыми және инновациялық тәсілдер енгізілуде, олардың арасында зиянкестер санының табиғи реттегіші ретінде пайдалы жәндіктерді пайдалану, сондай-ақ жылыжайларда тек органикалық тыңайтқыштарды қолдану да бар.

Жалпы, азық-түлік қауіпсіздігі-бүкіл адамзат үшін өзекті мәселе. Соңғы деректерге сәйкес, әлемде 821 миллион адам тамақтанбаудан зардап шегеді, бұл аштықты жою мақсатына қауіп төндіреді. 2030 жылға қарай БҰҰ елдері ауыл шаруашылығын жүргізудің заманауи әдістерін енгізу арқылы ауыл шаруашылығының өнімділігін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Анықтамалық: Жобаның бастамашысы «Филипп Моррис Қазақстан», «СоcaCola» халықаралық компанияхалықаралық әріптестермен бірлестікте «Expo&Women» халықаралық ұйымы», «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» және «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы», «Қазақстанның еріктілер Альянсы» ҮЕҰ тобымен құрылған «Қазақстандағы ОДМ – 2030» қоғамдық институты болып табылады.


Қарау саны: 1686
Сақталған: 30.10.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!