СПЕКА Жұмыс тобының кеңесі
29.10.2020
Гендерлік мәселелерді ескеретін саясат СПЕКА Жұмыс тобының кеңесі 2020 жылғы 27 қазанда СПЕКА жұмыс тобының (БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы) гендер және Тұрақты даму мақсаттары бойынша «COVID-19 пандемиясы контексінде 5 ТДМ-ға қол жеткізуге арналған гендерлік мәселелерді ескеретін саясат: СПЕКА өңірінде туындайтын сыни және негізгі мәселелер» тақырыбында жыл сайынғы кеңесі өтті. Жұмысқа «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шахарбану Жақыпова және Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар қатысты. Жыл сайынғы іс-шараға Әзірбайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сияқты елдер, сондай-ақ ЭСКАТО, БҰҰ ЕЭК, БҰҰ Әйелдер және т. б. халықаралық ұйымдар қатысады. Қазақстанның атынан шыққан Шахарбану Жақыпова елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, ҚР Конституциясында белгіленген гендерлік саясаттың негізгі қағидаттарын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында алғашқылардың бірі болып гендерлік теңдікті дамыту тұғырнамасын қалыптастырған бірқатар маңызды құжаттарды қабылдады:
Қазақстан гендерлік теңдіктің институционалдық негізін қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жеткізді. 2019 жылы 2009 жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасында бала туу деңгейі 20,0% - ға төмендеді, ана өлімі 2,7 есе азайды. Сонымен қатар, әйелдердің ерлерге қатысты жалақысының арақатынасы 2009 жылғы 66% - дан 2019 жылы 68% - ға дейін ұлғайды. Әйелдердің Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қатысуында оң нәтижелер байқалады. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,7% - ды құрайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Парламенттегі әйелдердің үлесі 27,4% - ды құрады , яғни 2006 жылмен салыстырғанда 2,6 есе ұлғайғаны байқалады. Жергілікті атқарушы органдардағы әйелдердің үлесі-22,2%. Әйелдердің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге қатысуының айтарлықтай жоғары үлесін атап өту қажет, ол 52% - ды құрайды. ДЭФ бағалауы бойынша Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы гендерлік алшақтық деңгейі ең төмен болып табылады. Жылдан жылға кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді. Бүгінде жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 52,2% - ды құрайды. 2020 жылғы 1 қаңтардағы деректерге сәйкес кәсіпкер әйелдер 1 066,8 мың жұмыс орнының немесе Қазақстанның ШОБ секторындағы барлық жұмыс орындарының 31,4%-ның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Кәсіпкер әйелдер үшін негізгі және дәстүрлі қызмет түрлері:
Жалпы, Қазақстанның еңбек нарығы әйелдердің жұмыспен қамтылуының жоғары деңгейімен және жұмыссыздықтың төмен деңгейімен сипатталады. Егер 2009 жылы әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 7,5% - ды құраса,2019 жылы-5,3% - ды құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3% - ын әйелдер құрайды. Қазақстан Үкіметі еңбек нарығына, білім беру, медициналық, қаржылық және басқа да ресурстарға тең қолжетімділік жасау арқылы әйелдердің экономикаға қатысуын кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды жалғастыруда. Бизнестің жол картасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 16 301 жобасы субсидияланды, оның ішінде 32,1% - әйелдер кәсіпкерлігі субъектілерінің жобалары. Осы бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі. Грант алуға арналған конкурстарға жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, өз ісін ашқысы келетін қазақстандықтар, оның ішінде әйелдер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады. 2012 жылдан бастап 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша сервистік қолдаумен 125000 кәсіпкер әйел қамтылды. Бұдан басқа, бірқатар қолдау шаралары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген. Осылайша, 2017 жылдан бастап ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кәсіпкер әйелдерге 13 217 шағын несие берілді, бұл берілген қарыздардың жалпы санының 31,3%-ын құрайды. Сондай-ақ Қазақстанда үлкен қаржылық және қаржылық емес мемлекеттік қолдау «Даму» Қоры арқылы көрсетіледі. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жағдай бойынша «Даму» Қоры жеке кәсіпкер әйелдердің 58,2% – ын қаржыландырды. Несиенің орташа сомасы 9,32 млн.теңгені құрады, жаңа 931 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, «Даму – Көмек» бағдарламасы бойынша Қор мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетеді. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында қарыздар есебінен қаржыландыру бағдарламаларын іске асыратын БҰҰ құрылымдары, Азия даму банкі (бұдан әрі - АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) сияқты халықаралық институттардың жұмысын атап өтуге болады. Мысалы, ЕҚДБ әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпорындарға кредит беру үшін «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын жүргізеді. Осылайша, мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкер әйелдердің біліктілік деңгейін арттыру және оларды шағын және орта бизнесті қаржылық және қаржылық емес қолдау бағдарламаларына қатысуға тарту тетігі болып табылады. Қазақстанда гендерлік саясатты одан әрі іске асыру туралы айта келе, Жақыпова жақын болашақта қабылданатын бастамаларды атап өтті:
Кеңес барысында СПЕКА-ның гендер және ТДМ бойынша жұмыс тобының төрайымы ретінде Әзірбайжанның отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Садағат Гахраманова таңдалғанын атап өткен жөн. Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласында 5 ТДМ жүзеге асыруға байланысты қол жеткізілген жетістіктер мен туындаған проблемалар туралы ақпаратпен алмасты және COVID-19 пандемиясы контексінде әйелдердің экономикалық және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін жан-жақты кеңейтуді қоса алғанда, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында туындайтын түйінді проблемаларды шешу жөніндегі әрі қарайғы стратегияларды талқылады. Анықтамалық: Пекин декларациясы және іс-қимыл платформасы (1995 жыл) бүгінгі күні гендерлік теңдікке қол жеткізудің барынша ауқымды және прогрессивті жоспары болып қалуда. Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібі гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді ескеретін тұрақты даму саласындағы 5-мақсатқа қол жеткізу арқылы оларда қойылған мақсаттарды күшейтеді. СПЕКА Басқарушы кеңесінің 2018 жылғы 21 қыркүйекте Алматыда (Қазақстан) өткен 13-ші сессиясында БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы елдер СПЕКА өңіріндегі субөңірлік ынтымақтастықты және ТДМ жетістіктерін дамытуға арналған платформа ретінде Бағдарламаға өзінің адалдығын растады . СПЕКА-ның гендер және ТДМ жұмыс тобы кеңесінің негізгі мақсаты саясат, әлеуетті нығайту және СПЕКА елдерінің тиісті негізгі министрліктері мен ведомстволарының мүдделі үкіметтік тараптары арасында гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін шешуші маңызы бар стратегияларды, 5 ТДМ және кедейшілік пен экономикалық өсу ауқымын қысқартуға қатысты байланысты ТДМ талқылау үшін өзара іс-қимылды жолға қою, 2030 жылға дейінгі кезеңге тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің іске асырылуын қолдау мәселелері бойынша диалог құру үшін платформа ұсыну болып табылады.
Қарау саны: 1715 |
|
|