20.11.2020
2020 жылғы 19 қарашада Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық
Ақмола облысы әкімдігінің қызметкерлері үшін оқыту онлайн-семинарын
өткізді. Іс-шара орталық мемлекеттік органдардың өкілдерін Гендерлік
аспектілерді ескере отырып, бюджетті жоспарлау және қалыптастыру
жөніндегі құжаттарға талдау жүргізу әдістемесінің жобасымен таныстыруға
бағытталған.
Семинарға ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және
мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл
Жанназарова, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының бағдарламалық
маманы Гүлнар Смаилова, сондай-ақ ЖАО құжаттарын гендерлік талдау
әдістемесінің бірлескен авторы Светлана Гаращенко (Украина) қатысты.
Гендерлік талдау саласындағы халықаралық сарапшы Украинаның
бағдарламалық құжаттарына гендерлік бағдарланған тәсілдерді енгізу және
қолдану тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ Қазақстанда осы бағытты дамыту
мүмкіндіктері туралы хабарлады.
Экономикалық зерттеулер
институтының спикерлері: Басқарма төрағасының орынбасары Шахарбану
Жақыпова, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры
Бақытгүл Хамбар, Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың аға
сарапшылары Айша Окушева және Анас Абуов Бюджетті жоспарлау және
қалыптастыру жөніндегі құжаттарды гендерлік талдаудың қазақстандық
әдістемесінің ерекшеліктері туралы айтып берді.
Оқытудың басты
мақсаты Ақмола облысы әкімдігінің білім, денсаулық сақтау және
әлеуметтік қорғау басқармаларының қызметкерлерін деректерді жинауға және
оны кейіннен талдауға алдын ала дайындау болып табылады. 2020 жылғы 20
қарашада сағат 16.00 – 17.30 аралығында (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
Ақмола облысы әкімдігінің қызметкерлерін одан әрі оқыту жоспарлануда.
Қарау саны: 1671
Сақталған: 20.11.2020