Ағымдағы жылғы 14 қаңтарда сағат 15-00-де Рэдиссон қонақ үйінде Нұр – Сұлтан қ.) Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі-ОДМ) іске асыру жөніндегі өзекті мәселелер талқыланады. Іс-шараны "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырады.
Іс-шара шеңберінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері ұсынылады, сондай-ақ ОДМ индикаторларының ұлттық тізбесін бекіту мәселесін қоса алғанда, 2020 жылға Қазақстанда ОДМ-ды оқшаулау бойынша әрі қарайғы қадамдар талқыланады. Жоғарыда аталған іс-шараға бес жұмыс тобының (Адамдар, Жер, Өркендеу, Серіктестік, Бейбітшілік), халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады.
Сондай-ақ, іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері Қазақстанда ОДМ-ды оқшаулау бойынша өз ұсыныстары мен пайымдарын ұсынады.
Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген іс-шара ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Ә.Смайыловтың басшылығымен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің алдағы отырысы шеңберінде мәселелерді алдын ала талқылау үшін тиімді алаң болады.