Қонақ дәрісі

09.02.2021

2021 жылғы 8 ақпанда онлайн форматта Институттың Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар  «Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру және оқшаулау» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәріс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына ұсынылды.

Дәріс барысында Бақытгүл Хамбар  үш құрамдауыштың – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық бірлік қағидаттары туралы түсіндірді. Ол тұрақты даму болашақ ұрпақтың мүмкіндіктеріне қауіп төндірмей, ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудың институционалдық негіздері туралы айтып, Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялары мен басымдықтарымен ТДМ салыстырмалы талдау нәтижелерін ұсынды. Сонымен қатар, дәріс барысында еліміздің өңірлері бойынша тұрақты дамудың басым мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде магистранттар тұрақты даму мақсаттары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен, магистранттардың бірі осы бағытта бизнестің қандай пайдасы болуы мүмкін екендігі туралы қызығушылық танытты.

Дәрісті қорытындылай келе, дәріскер ТДМ оқшаулаудың келесі алгоритмін ұсынды:

1. ТДМ-ға қатыстылық сезімін қалыптастыру
-  ТДМ іске асыруға азаматтарды тарту бойынша науқандарды ұйымдастыру;
-   ЖАО, ҮЕҰ, жеке сектор, академиялық орта.
2. Жергілікті өңірлік бастамаларды ұлттық стратегияларға енгізу
-  «төменнен жоғарыға» жұмыс қағидаты;
-   Тұрақты даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысу.
3. Ғаламдық ойлау, жергілікті әрекет ету
-   жалпы проблемалар мен басымдықтарды анықтау және олармен бірлесіп жұмыс істеу;
-   ТДМ міндеттерін ескере отырып, жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
-   ресурстарды жұмылдыру.
4. Мониторинг
-   Жергілікті деректерді ұлттық мониторингке интеграциялау;
-   Өңірдің әл-ауқатын бағалау үшін ТДМ индикаторларын пайдалану. 

Ескертпе: магистранттар өндірістен қол үзіп оқитын орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілері болып табылады.




Қарау саны: 1596
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!