Гендерлік бюджеттеуді енгізу

17.02.2021

2021 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі-ҚР ҰЭМ) бастамасымен гендерлік бағдарланған бюджеттеуді енгізу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы онлайн форматта өтті.

Жұмыс тобының негізгі мақсаты-алдағы мақсаттар мен міндеттер жоспарын, сондай-ақ ҰЭМ-нің БҰҰ-Әйелдермен бірлесіп «Тұрақты даму мақсаттарына жәрдемдесу және ілгерілету. Қазақстандағы теңдік» жобасы шеңберінде жұмыс жасау. Бекітілген жұмыс тобының құрамына 43 өкіл, оның ішінде 26 орталық мемлекеттік органдардан, 9 жергілікті атқарушы органдардан және 8 үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардан өкілдер кіреді.

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, БҰҰ-Әйелдер халықаралық ұйымы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың өкілдері қатысты. Сонымен қатар, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» қоғамдық қоры, елордалық Ата-аналар қоғамдастығының кеңесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы" сияқты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.

ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Н. Жанназарова жұмыс тобының отырысын аша отырып, мемлекеттік саясат процестеріне гендерлік тәсілдер мен гендерлік бағдарланған бюджеттеуді әзірлеу және енгізу бойынша жұмыс тобының құрылу маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті.

Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер елдік бөлімшесінің басшысы Дина Амришева мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлері үшін тиімді әрі қарай жұмыс істеу үшін гендерлік талдау бойынша қосымша оқыту тренингтерін өткізу қажеттігін атап өтті.

БҰҰ-ның Әйелдер жөніндегі бағдарламалық менеджері Г. Смаилова «ТДМ қол жеткізуге жәрдемдесу және Қазақстанда тең құқықты ілгерілету саласындағы міндеттемелерді іске асыру» жобасы бойынша ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

Г. Смаилова БҰҰ-әйелдер құрылымы НББ (RBM) қағидаттарын қолдана отырып, мемлекеттік қызметшілерге арналған «Ұлттық жоспарлау және бюджеттеу жүйесіндегі гендерлік талдау» оқыту тренингтерінің онлайн модулін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Аталған оқу курсы кейіннен Мемлекеттік қызмет академиясының оқу жоспарларына және басқа да мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институттарына енгізілетін болады

Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық атынан төраға орынбасары Ш.Жақыпова ұлттық саясаттағы, стратегиялар мен бағдарламалардағы гендерлік проблематиканы есепке алу жолымен стратегиялық жоспарлау мен бюджеттеудің мемлекеттік процестерін жетілдіруге бағытталған Ақмола облысындағы гендерлік зерттеу жобасы бойынша негізгі сәттерді атап өтті. 

Таңдалған үш сала (білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сектор) бойынша Ақмола облысында гендерлік зерттеудің аралық нәтижелерін Б.Хамбар ұсынды. Талдау нәтижелеріне сәйкес нормативтік-құқықтық құжаттарда, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда гендерлік аспектілердің аз қамтылғаны байқалады.

Сондай-ақ, ол гендерлік зерттеу нәтижелері бойынша қызықты фактілерді атап өтті. Мысалы, спорт мектептерінде негізінен ұлдар үшін қызықты болып келетін секциялар басым болып келеді. Облыс аудандарындағы ТжКБ ұйымдарының көпшілігі агротехникалық болып табылады, онда оқитындардың арасында еркектер әйелдерге қарағанда едәуір көп. Бұл гендерлік бағдарланған бюджеттеуді және гендерлік бағдарланған көрсеткіштерді енгізу арқылы шешілетін гендерлік теңгерімсіздіктің бар болуын көрсетеді.  

«Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті М.Өскембаева еліміздің 2 өңірінде 2016-2018 жылдары жүргізілген гендерлік бюджеттеу жөніндегі пилоттық жоба туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол осы жұмыс тобының бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал ететін гендерлік бюджет тәсілдерін әзірлеу жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Мүгедек әйелдердің құқықтары жөніндегі ҮЕҰ көшбасшысы Л.Калтаева гендерлік бюджеттеуді енгізудің өзектілігін атап өтті. Оның пікірінше, гендерлік тәсілдерді әзірлеу әйелдер мен ерлердің, қыздар мен ұлдардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының әртүрлі қажеттіліктеріне қатысты мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасы мен тиімділігін жақсарту проблемасын шешеді.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының инспекторы Г. Нұрахметова гендерлік бюджеттеуді қолдану арқылы мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін реформалау қажеттілігін атап өтті. Бұл үшін мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін және халық үшін гендерлік талдау тәсілдері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізу талап етіледі.

Қорытындылай келе, СЖМОДД директоры Н. Жанназарова жұмыс тобының барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік тәсілдерді енгізу бойынша табысты жұмыс тіледі. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда гендерлік тәсілді есепке алу гендерлік саясатты әзірлеу мен енгізу процесін олардың халықтың әртүрлі нысаналы топтарына ықпалы тұрғысынан «көрінетін» етуге мүмкіндік береді. Гендерлік зерттеудің барлық бағыттары өте өзекті және ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының мақсаттарына сәйкес келеді.

Анықтамалық:

8 қаңтарда Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау үшін жұмыс тобы құрылды.э

Қазіргі уақытта Экономикалық зерттеулер институты ҚР ҰЭМ және БҰҰ-Әйелдермен бірлесіп, Ақмола облысының мысалында әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру секторларында 2017-2020 жылдар кезеңінде жоспарлау және бюджеттеу бойынша жергілікті атқарушы органның құжаттарын гендерлік талдау бойынша зерттеу жүргізуде.




Қарау саны: 1764
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!