ТДМ мәселелерін талқылау

20.05.2021

2021 жылдың 15 ақпанында ТДМ іске асыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау бойынша 5 жұмыс тобы мүшелерінің бірінші отырысы өтті.  Жұмысқа әр жұмыс тобы бойынша жауапты мемлекеттік органдар қатысты: Адамдар – ҚР ЕХӘҚМ, Өркендеу – ҚР ҰЭМ, Әлем – ҚР АҚДМ, Жер – ҚР ЭГТРМ және Серіктестік – ҚР СІМ, сондай-ақ ҚР Ұлттық статистика бюросы. Сонымен қатар, ҚР ӘМ, ҚР ҚМ, ҚР ТЖМ, ҚР АШМ, ҚР ЭМ, ҚР БҚДА және БҰҰДБ қатысушылары болды.

Отырыстың модераторы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар болды. Отырысты сәлемдесу сөзімен ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары Саят Қайрошұлы Кенебаев ашты.

Отырыс жұмысы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ төрағасының орынбасары Бауыржан Ғалиақбарұлы Мұқанның баяндамасынан басталды, онда алдағы жылға ТДМ іске асыру бойынша үш аспектіні белгіледі:
  • нақты қадамдар әзірлеу және 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
  • алдағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін 17 ТДМ-нің әрқайсысы бойынша сарапшылар тобын құру;
  • Екінші Ерікті Ұлттық шолудың (ЕҰШ) құрылымын әзірлеу жөніндегі жұмысты бастау және жоғарыда аталған іс-шараларды ТДМ бойынша алдағы Үйлестіру кеңесінің талқылауына қосу.
Бұдан әрі жұмыс ҚР Ұлттық статистика бюросы басқармасының басшысы Айнұр Досанованың баяндамасымен жалғасты, онда спикер ТДМ ұлттандыру нәтижелерін, сын-тегеуріндерді, проблемалық мәселелерді және оларды шешудің ұсынылатын жолдарын белгіледі. Келесі спикер ҚР ЭГТРМ Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директоры-Ақзан Рашидұлы Ширанов (Жер ЖТ) индикаторлар тізбесін өзектендіру және 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту мәселесін көтерді. ҚР ҰЭМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Ертаев Асқарбек Маратұлы Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының көрсеткіштерін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізу туралы түзету енгізгенін атап өтті.

ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Талдау және жоспарлау басқармасының басшысы Султанова Зарина Садыққызы (Әлем ЖТ) 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады, онда азаматтық секторды, сарапшылар мен мемлекеттік органдарды тартуды жандандыруға бағытталған гранттық жоба іске асырылды. Жоба қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді және 16.2 ТДМ қол жеткізу бойынша вебинар ұйымдастырылды. Қорытынды спикер ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Теменов Дидар Талғатұлы (Серіктестік ЖТ) ТДМ-ды іске асыру шеңберіндегі СІМ жұмысының маңызды қорытындысы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы алдағы бес жылға арналған ынтымақтастық үшін бағдар ретінде қызмет ететін 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму мақсатындағы ҚР-БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасына қол қою болғанын атап өтті.

Жалпы, отырысқа қатысушылар индикаторларды бекіту, ТДМ міндеттерін бекіту және белгілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу қажеттілігін, өңірлік ЖАО мен ҮЕҰ көмегімен өңірлерде ТДМ оқшаулау бойынша жоспарды әзірлеуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін жұмыс топтары құрамынан сарапшылар тобын қалыптастыруды, нысаналы мәндерді айқындау тәсілдерін бірлесіп әзірлеуді, басқа жұмыс топтарымен 2-ші Ерікті Ұлттық шолуды ұсыну мәселелерін талқылауды анықтады.

 


Қарау саны: 1535
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!