ҚБӘИ XIII отырысы

21.05.2021

2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін (бұдан әрі-Индекс) бағалау әдістемесінің жобасын талқылау бойынша XIII отырыс өтті. Кең ауқымды талқылау 11 мамырда басталды.

 

Индекс жобасын талқылауға жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы, Жеке білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығы, «Қаржы орталығы» АҚ, Ақпараттық-талдау орталығы, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы және басқа өкілдерінен 700-ден астам адам қатысты.

 

Іс-шара ZOOM платформасында онлайн форматында өтті.

 

Отырысқа белсенді қатысушылар қатарында «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Өскембаева, UniverSity білім беру технологиялары бюросының директоры Жанна Меңдібаева, Қазақ-Американдық Университет директоры Жанар Әділова, «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының «Ана үйі» жобасының жетекшісі Ләззат Жүсіпова, Қазақ білім беру сарапшылары лигасының президенті Гүлнара Әбішева, Қызылорда облысының білім беру басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова және т.б. бар.


Гүлнара Әбішева балалардың монетарлық кедейлігі, қауіпсіз өмір сүру ортасы, балалардың тамақтануы, ата-аналардың тұрақты жұмысының болуы және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.


Ләззат Жүсіпова ерекше қажеттіліктері бар балаларға инклюзивті білім беру, ауылдық жерлердегі білім сапасы мен мұғалімдердің жүктемесі, ауылдық өңірлердегі Интернетке қолжетімділік және т.б. мәселелерге назар аударды.

 

Қазақстанда Балалардың әл-ауқат индексі 2022 жылдан бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізіледі. Индексті есептеу әдістемесін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының қолдауымен әзірлейді.

 

Индекс тек зерттеу жүргізу мақсатында ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен қоғамның шұғыл араласуын қажет ететін балалар мен отбасылардың проблемаларына саясаткерлер мен бүкіл қоғамның назарын аударудың тәсілі ретінде жасалады.

 

Құрметті қазақстандықтар! Қазіргі уақытта Индексті өлшеуде ел үшін ең өзекті және маңызды индикаторлар іріктеліп алынады. Сондықтан Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!


Сауалнама біздің сайтта орналастырылған. Барлық ата-аналарды, ата-әжелерімізді, мектеп педагогтерін, колледж және педагогикалық ЖОО оқытушыларын, үкіметтік емес ұйымдарды, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, ақпарат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының өкілдерін, барлық мүдделі органдар мен ұйымдарды жасырын сауалнамаға қатысуға шақырамыз.


Сіздің ойыңызша, осы Индекске кіруге көмектесетін индикаторларды белгілеуіңізді сұраймыз. 


Қатысқаныңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!

 

Сауалнамадан өту




Қарау саны: 1482
Сақталған: 30.10.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!