ЭЗИ сарапшыларының

26.05.2021

2021 жылғы 25 мамырда Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін бағалау әдістемесінің жобасын талқылау бойынша Экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының отырысы өтті.


ТДМ Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар Институт әзірлейтін индекс әдістемесі жобасының таныстырылымын жасады, осы мәселе бойынша өткізілген талқылаулар мен тыңдаулар туралы айтып берді.


Оның айтуынша, балалардың әл-ауқатын өлшеу құралымен қатар балаларға арналған бюджетті әзірлеу жүргізілуде және олардың қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік шығыстардың негізділігі мен тиімділігі айқындалады.

 

Талқылау барысында Институт сарапшылары Индекс әдіснамасы, әлеуметтік сауалнама жүргізу мүмкіндігі мәселелерін көтерді.


Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Долорес Тюлебекова сауалнама индикаторларын әзірлеу кезінде білікті балалар психологтары мен педагогтарын тартуды ұсынды.

Өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары Сәуле Самекина сауалнама индикаторларын әзірлеу кезінде балалардың да, ата-аналардың да пікірін бірдей ескеру қажет деп санайды.

 

Іс-шара ZOOM платформасында онлайн форматында өтті.

 

 

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап ұлттық мониторинг тетігін - Балалардың әл-ауқат индексін әзірлеу және енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Бұл индекс әртүрлі салалардағы балалардың жағдайын жақсарту және өңірлер бойынша бөлу жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Балалардың әл-ауқат индексін сынақтан өткізу және енгізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.

 

Балалардың әл-ауқаты әлемнің көптеген елдерінде өлшенеді: АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, ЭЫДҰ және ТМД елдері. Бұл елдерге жақын арада Қазақстан да қосылады. Индекстің мақсаты-балалардың туылған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін әл-ауқатын қамтамасыз ету, балалардың әртүрлі салалардағы жағдайын жақсарту. Индекс ел балаларының жалпы және жекелеген бағыттар бойынша қаншалықты ауқатты екенін анықтауға, өңірлер бойынша бөле отырып, әртүрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді.

 

 



Қарау саны: 1562
Сақталған: 27.05.2021



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!