ТДМ қол жеткізуді мониторингтеу комитеті

04.06.2021

4 маусымда Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді мониторингтеу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің консультативті-кеңесші органының бірінші отырысы өтті.


Комитет отырысын ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров ашты. Ол іс-шараға қатысушыларды жаңа консультативті-кеңесші органның міндеттерімен және құрамымен таныстырды.


Комитеттің негізгі міндеттері:

  • Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу және ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің хаттамалық тапсырмаларын іске асыру мониторингі;
  • ТДМ бойынша Үйлестіру кеңесінің күн тәртібі үшін ұсыныстарды қалыптастыру;
  •  Қазақстанның Ерікті Ұлттық шолуларын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру.
  • Комитеттің жұмыс органы - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ.

Отырысқа қатысушылар ТДМ индикаторларын келісу бойынша ағымдағы жұмысқа назар аударды.


Ұлттық статистика бюросы ТДМ статистика басқармасының басшысы Айнұр Досанова келісілмеген индикаторлар бойынша мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, тиісті шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы хабарлады.


Комитет мүшелері Үкіметтің хаттамалық тапсырмаларын орындау, атап айтқанда, ТДМ индикаторларының мониторингін жақсарту және ТДМ бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмысын жандандыру жөніндегі алдағы жұмысты талқылады. 

 

 


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының үйлестіру органы болып табылады. 


Хатшылықтың рөлін сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атқарады.

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін бағалау әдістемесінің жобасын әзірлейді. 2021 жылғы 11 мамырдан бастап әдістеме жобасын қалың жұртшылық арасында талқылау жүргізілуде.


Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Тұрақты даму мақсаттары



Қарау саны: 1359
Сақталған: 30.10.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!