ТДМ қол жеткізуді мониторингтеу комитеті
04.06.2021
4 маусымда Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді мониторингтеу комитетінің (бұдан әрі – Комитет) — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің консультативті-кеңесші органының бірінші отырысы өтті. Комитет отырысын ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров ашты. Ол іс-шараға қатысушыларды жаңа консультативті-кеңесші органның міндеттерімен және құрамымен таныстырды. Комитеттің негізгі міндеттері:
Отырысқа қатысушылар ТДМ индикаторларын келісу бойынша ағымдағы жұмысқа назар аударды. Ұлттық статистика бюросы ТДМ статистика басқармасының басшысы Айнұр Досанова келісілмеген индикаторлар бойынша мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, тиісті шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы хабарлады. Комитет мүшелері Үкіметтің хаттамалық тапсырмаларын орындау, атап айтқанда, ТДМ индикаторларының мониторингін жақсарту және ТДМ бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмысын жандандыру жөніндегі алдағы жұмысты талқылады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының үйлестіру органы болып табылады. Хатшылықтың рөлін сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атқарады. Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін бағалау әдістемесінің жобасын әзірлейді. 2021 жылғы 11 мамырдан бастап әдістеме жобасын қалың жұртшылық арасында талқылау жүргізілуде. Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Тұрақты даму мақсаттары
Қарау саны: 1399 |
|
|