ТДМХ қатысуымен өткен Форум
14.06.2021
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан «Аккредиттеу: тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды қолдай отырып» тақырыбындағы форумға қатысты.
Іс-шара ағымдағы жылдың 9 маусымында онлайн форматта өтті. Форумды ұйымдастырушы-ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС.
Форумды өткізудің негізгі міндеті – аккредиттеу призмасы арқылы тұрақты даму мақсаттарын іске асырудың маңыздылығын талқылау үшін мемлекеттік құрылымдарды, сапа инфрақұрылымының ұлттық органдарын, аккредиттеу субъектілерін, қоғамдық бірлестіктер мен бизнес-қоғамдастықтарды біріктіру үшін платформа құру.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов форумды сәлемдесу сөзімен ашты. Форум спикерлері ретінде сөз сөйлегендер: БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бюросының өкілі Самат Қайырбеков, Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан, «Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы» жобасының халықаралық сарапшысы Жасурбек Рустамов, Global G.A.P. Food PLUS GmbH техникалық менеджері Эдите Страздина, «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС директоры Гүлмира Әбішева, Ғылыми-өндірістік трансфузиология зертханасының меңгерушісі Татьяна Савчук, «ДИК Ойл» ЖШС Персоналдың сәйкестілігін растау жөніндегі органның сарапшы аудиторы Мария Васина.
Іс-шарада сөз сөйлеген ЭЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Мұқан Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудың ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады, елде ТДМ іске асыруды үйлестірудің қалыптасқан архитектурасымен таныстырды, ТДМ жөніндегі Үйлестіру органының және Үйлестіру кеңесі Хатшылығының рөлі туралы айтып берді.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар келесі ниеттерді білдіретін қарар қабылдады:
Форум Халықаралық аккредиттеу күніне орайластырылған.
«Халықаралық аккредиттеу күні» (ағылш. International Accreditation Day) - сертификаттау органдары үшін қабылданған стандарттарға сәйкес олардың техникалық құзыретін тану бойынша сынақ зертханаларын аккредиттеуді жүргізетін қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Жыл сайын (2008 жылдан бастап) 9 маусымда бүкіл әлемде атап өтіледі.
2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде мемлекет және үкімет басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған Тұрақты дамудың 17 мақсатының тізімін қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады. ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі Үкімет басшысының 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының үйлестіруші органы болып табылады. Хатшылықтың рөлінсараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атқарады.
Сондай-ақ мынаны оқыңыз: 17 Тұрақты даму мақсаты
Қарау саны: 1399 |
|
|