Қазақстан 2021 жылғы Тұрақты даму
16.06.2021
2021 жылғы 14 маусымда БҰҰ шешімдер қоғамдастығының мүшелері (the UN Sustainable Development Solutions Network) «Тұрақты даму мақсаттарына арналған іс-қимылдар онкүндігі» аясында 2021 жылғы Тұрақты даму жөніндегі баяндаманың 6-шы басылымының нәтижелерін жариялады. Баяндамада әлемнің 165 елінің ТДМ жетістіктері ұсынылған. 2021 жылғы Тұрақты даму жөніндегі баяндамада ресми деректер көздерін (БҰҰ, Дүниежүзілік банк және т.б.), сол сияқты бейресми көздерді (зерттеу институттары мен үкіметтік емес ұйымдар) пайдалана отырып, ең соңғы қолжетімді деректер қамтылған. Сондай-ақ баяндамада ТДМ үшін ғылыми деректер негізінде алынған ТДМ-ға қолжетімділіктің сандық шектері ұсынылады. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан 71,6 балмен 59-орынды иеленіп, өз позициясын 6 тармаққа жақсартты (2020 жылы-65-орын). Үздік 10 көшбасшыға Финляндия (1 орын, 85,9 балл), Швеция (2 орын, 85,6 балл), Дания (3 орын, 84,9 балл), Германия (4 орын, 85,5 балл), Бельгия (5 орын, 82,2 балл), Австрия (6 орын, 82,1 балл), Норвегия (7 орын, 82,0 балл), Франция (8 орын, 81,7 балл), Словения (9 орын, 81,6 балл) және Эстония (10 орын, 81,6 балл) кіреді. Сарапшылардың айтуынша, биылғы баяндама Тұрақты даму мақсаттарына инвестиция салуға ықпал ететін фискалдық және қаржы кеңістігін анықтауға бағытталған. Деректер есептілігінің уақыт кідірістеріне байланысты COVID-19-дың Тұрақты даму мақсаттарына әсері ағымдағы жылғы ТДМ Индексінде толық көрсетілмеген. Көптеген елдер үшін көрсеткіштердің шамамен 11%-ы ғана 2020 жылға арналған деректерді қамтиды. Қазақстан үшін ТДМ Индексі пайдаланатын 91 көрсеткіштің 12-сі (13%) 2020-2021 жылғы деректер бойынша қолданған. Баяндаманың негізгі қорытындыларының түйіндемесі: 1. 2015 жылы ТДМ қабылданғаннан бері алғаш рет 2020 жылы ТДМ жалпы Индексі төмендеді. 2. Дамушы елдер төтенше шараларды қаржыландыру және инвестициялар есебінен қалпына келтіру үшін фискалдық кеңістікті ұлғайтуды қажет етеді. 3. 2021 жылғы ТДМ индексін 85,9 балмен Финляндия басқарды. Дегенмен, ЭЫДҰ-ның басқа елдерінде ТДМ-ға қол жеткізу проблемалары әлі де сақталуда. 4. ТДМ шеңберінде 2030 жылға қарай және одан кейінгі кезеңдерде елеулі өзгерістерге қол жеткізу үшін міндеттемелер мен іс-қимылдар арасындағы олқылықтар жойылуға тиіс. 5. Тұрақты даму мақсаттары үшін іс-қимыл онкүндігі күшті көпжақты жүйені талап етеді. Тұрақсыз сауда немесе пайданың орын ауыстыруы сияқты теріс халықаралық ағындар елдердің ТДМ-ға қол жеткізу қабілетіне нұқсан келтіреді.
Қазақстан профайлында 17 мақсаттың біріне қол жеткізілді – «Кедейлікті жою» 1-мақсаты. Екі мақсат бойынша (3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» пен 6 «Таза су және санитария») ТДМ қол жеткізуді қолдау белгіленеді. Бес мақсат бойынша (7-мақсат «Арзан және таза энергия», 8-мақсат «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», 9-мақсат «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым», 11-мақсат «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» және 16-мақсат «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар») бірқалыпты жақсару байқалады. Алты мақсат бойынша (2-мақсат «Аштықты жою», 4-мақсат «Сапалы білім беру», 5-мақсат «Гендерлік теңдік», 13-мақсат «Климаттың өзгеруімен күрес», 15-мақсат «Құрлық экожүйесін сақтау» және 17-мақсат «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік») тоқырау байқалады. ТДМ-2021 индексінде Қазақстанның жалпы оң үрдісіне қарамастан, теріс өзгерістер болған көрсеткіштер белгіленеді. Осы көрсеткіштер көбінесе 5 «Гендерлік теңдік» мақсатына және 15 «Экожүйелер мен құрлықты сақтау» мақсатына жатады (1-кесте).
1-кесте. Қазақстанның позициялары нашарлаған көрсеткіштер
Ескертпе: жақшада есеп айырысу базасы ретінде алынған жылдар көрсетілген Дереккөзі: Sustainable Development Report 2021
Сонымен бірге, ТДМ-2021 индексіндегі Қазақстанның позициясының артуы негізінен 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсаттарының жақсаруы нәтижесінде орын алды. Оң үрдіс Интернетті пайдаланудың күтілетін өмір сүру ұзақтығы мен қолжетімділігі бойынша көрсеткіштердің жақсаруымен байланысты (2-кесте).
2-кесте. Қазақстанның позициялары жақсарған көрсеткіштер
Ескертпе: жақшада есеп айырысу базасы ретінде алынған жылдар көрсетілген Дереккөзі: Sustainable Development Report 2021
Жалпы, әлі де жұмыс жасау қажет болатын мақсаттарға қарамастан, ТДМ-2021 индексіндегі Қазақстанның позициясы жақсарды. Индекс нәтижелерімен мына сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады: https://sdgindex.org/reports/sustainable-development-report-2021/ Сондай-ақ мынаны оқыңыз: 17 Тұрақты даму мақсаты
Қарау саны: 1530 |
|
|