2019 жылғы 27-29 наурызда Экономикалық зерттеулер институтының қызметкерлері Қымбат Ахметжанова мен Бақытгүл Елеусізова қазақстандық делегация құрамында Таиландтың Бангкок қаласында өткен Орнықты даму бойынша 6-шы Азия-Тынық мұхиты форумына қатысты. Іс-шараны "БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы" (АТМЭӘК) ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі бөлімінде пленарлық сессиялар мен дөңгелек үстелдер шеңберінде Орнықты дамудың 6 мақсаты (ОДМ) бойынша талқылау өтті.
Осылайша, ОДМ-ды іске асыруға қатысатын елдер 2019 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының Саяси форумында ерікті ұлттық шолуларды таныстырады.
28 наурызда осы мәселеге арналған пленарлық сессияда Елеусізова Бақытгүл Қазақстан бойынша аталған шолуды әзірлеудегі Институттың рөлі туралы айтып берді.
Атап айтқанда, елімізде ОДМ іске асыруды үйлестіру және жоғары деңгейдегі басшылықпен шолуды дайындау сәулеті құрылғаны атап өтілді. Институт құрылған 5 тақырыптық жұмыс тобына ақпараттық және талдамалық қолдау көрсетеді, оның ішінде мүдделі тараптардың кең ауқымын (мемлекеттік органдар, бизнес, ҮЕҰ, зерттеу және халықаралық ұйымдар) тарту бойынша қолдау көрсетеді, олармен ОДМ индикаторлары мен міндеттері талқыланады, ақпаратпен, біліммен және тәжірибемен алмасу жүргізіледі.