2019 жылғы 11 маусымда "Даму тарихы: ішкі көзқарас" X халықаралық конференциясының "Орнықты және инклюзивті даму" тақырыбы бойынша қатарлас тақырыптық пікірталасы шеңберінде Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асырудағы және Ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) дайындаудағы тәжірибесі талқыланды. Конференцияның ұйымдастырушысы "Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы" ЗТБ (АҚДҚ) болып табылады.
2019 жылғы 11 маусымда "Даму тарихы: ішкі көзқарас" X халықаралық конференциясының "Орнықты және инклюзивті даму" тақырыбы бойынша қатарлас тақырыптық пікірталасы шеңберінде Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) іске асырудағы және Ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) дайындаудағы тәжірибесі талқыланды.
Конференцияның ұйымдастырушысы "Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы" ЗТБ (АҚДҚ) болып табылады.
Пікірталасқа Орталық Азия азаматтық қоғам ұйымдарының, мемлекеттік және бизнес – құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның модераторы АҚДҚ Атқарушы директоры Джамиля Асанова болды.
Баяндамалармен Әлия Ғалымова-Азаматтық қоғам комитетінің төрайымы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; Нұрзат Әбдірасулова - "Юнисон Групп" Президенті, Қырғызстан; Нұргүл Жанаева - "Әйелдер ҮЕҰ форумы", Қырғызстан сөз сөйледі. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атынан – Наталья Новокшанова ЕҰШ дайындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы таныстырылыммен сөз сөйледі.
Сонымен қатар, пікірталасқа UNISCAP өкілі Наталья Максимчук; "Орнықты даму үшін білім беру" бағдарламасының менеджері Татьяна Шакирова; Экология және тұрақты даму институтының директоры Құралай Кәрібаева, Қазақстан; Фарух Ахроров, "Журналистика және Демократия" өкілі, Тәжікстан қатысты.
Сессияға қатысушылар Орталық Азия елдері үшін Орнықты дамудың өзектілігін және өңір мен әлемдегі ОДМ-ға қол жеткізу үшін одан әрі қадамдарды анықтау қажеттілігін атап өтті. Мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ-дың тәжірибе алмасуда және ОДМ туралы барлық мүдделі тараптарды оқыту және хабардар ету үшін тиімді алаңдар құруда тығыз өзара іс-қимыл жасау қажеттілігі анықталды.
Белсенді пікір-таластан кейін қатысушылар ЕҰШ жобасында Қазақстандағы ОДМ-ға қол жеткізу бойынша прогресс көрсетілгенімен келісті.