
БҰҰ ДБ "ТДМ ұлттық платформасын құру үшін серіктестік" жобасы Қазақстан Республикасының халқы арасында ТДМ жайлы хабардарлықты арттыру мақсатында ТДМ бойынша дәріс форматында 2 минуттық бейне-роликтің түсіріліміне қатысу үшін ТДМ ұлттық сарапшылары арасында конкурс жариялайды.
Егерде cіз:
- 17 ТДМ бірінде сарапшысы болсаңыз
- ТДМ жобаларында қатысқан/ қазіргі уақытта қатысушы болсаңыз
- ТДМ дамуына үлесіңізді қосқыңыз келсе,
Біз cізден қатысу өтінімін күтеміз!
Өтінімдер 10 тамызға дейін қабылданады. Өтінімде келесі ақпаратты ұсыну қажет:
1) Cіздің ТДМ қатысты кәсіби қызметіңіз туралы қысқаша ақпаратпен бірге нақты ТДМ жайлы сараптамаңызды көрсету;
2) Қазақстан үшін ерекше маңызды 2-3 ТДМ негізгі аспектілерін айқындау;
3) Сіздің өтініміңізді күшейте алатын кез-келген қосымша құжаттар.
Сарапшылар жіберілген сараптама мен таңдаған ТДМ Қазақстанға өзектілігін көрсете алу негізінде іріктеледі.