БҰҰДБ мен Үкімет Қазақстандағы Орнықты даму саласындағы мақсаттарды қаржыландыруды талқылауда

25.06.2019

Бүгін Нұр-Сұлтанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Қазақстан Үкіметі "ОДМ ұлттық платформасын құруға арналған әріптестік" жобасы аясында орнықты даму саласындағы мақсаттарды (ОДМ) қаржыландыру бойынша семинар өткізді.


БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Берис мырза дамуды қаржыландыру ОДМ-ды іске асырудың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. БҰҰ-ның дамуды қаржыландыру жөніндегі соңғы баяндамасы тұрақты инвестицияларға қызығушылық артып келе жатқанын көрсетеді, бірақ қажетті ауқымда және қажет болған жерде әлі жүзеге асырылып жатпағанын атап кетті.

"Біз Үкіметтің ОДМ-ды мемлекеттік қаржымен байланыстыру қабілетін нығайтуға баса назар аударуымыз керек. Бұл ОДМ бойынша есептілік тұрғысынан да, мемлекеттік бюджет ОДМ-ға қол жеткізуді қалай қаржыландырады деген нақты түсінікпен де көмектесе алады. ОДМ қаржыландырудағы іскерлік сектордың рөлі де маңызды. Бүгін біз Қазақстанның ОДМ-ды іске асыруға өз инвестицияларының әсерін жұмылдырып, өлшей алатын жаңа тәсілдер туралы сөйлескіміз келеді", - деді ол. Толық мәлімдемені мына жерден оқыңыз.


Экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік ведомстволарды дамыту департаментінің директоры Жұлдыз Пернебаева ханым Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті.

"Соңғы алты ай ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік, біз ОДМ ұлттық сәулетін құрдық, біздің алғашқы Ерікті ұлттық есебімізді дайындадық. БҰҰДБ бізге айтарлықтай көмектесті және біз оларға алғыс айтқымыз келеді. Бұл ынтымақтастық әрі қарай да жалғасын табады деп үміттенемін. ОДМ көрсеткіштері Қазақстанда мемлекеттік жоспарлауға терең интеграцияланған. Біздің келесі кезеңіміз-бұл ОДМ-ды іс жүзінде жүзеге асыру және мұнда қаржыландыру өте маңызды рөл атқарады ", - деп атап өтті ол.

Семинар барысында Еуропа және ТМД бойынша БҰҰДБ Өңірлік бюросының аға экономисті Бен Слэй мырза даму мақсатында ОДМ қаржыландырудың жаһандық, өңірлік және жергілікті тәжірибесі туралы баяндама жасады. БҰҰДБ Тұрақты өкілінің көмекшісі Ирина Горюнова ханым ОДМ ұлттық платформасын құруға арналған серіктестік туралы айтты. БҰҰДБ Стамбул өңірлік орталығы орнықты даму бөлімінің бағдарламалар жөніндегі маманы  Елена Данилова ханым Қазақстандағы ОДМ-ның жылдам кешенді бағалау (RIA) нәтижелерін талқылады.

Қатысушылар, оның ішінде Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер министрліктерінің, Бәйтерек холдингінің, Экономикалық зерттеулер институтының және Азия даму банкінің өкілдері 2030 жылға дейін Қазақстанда ОДМ-ды ағымдағы және күтілетін болашақ қаржыландырудың әлеуетті көздерін және тиімділікті арттыру, мемлекеттік қаржыны басқару бойынша күш-жігердің маңыздылығын талқылады. 




Қарау саны: 1952
Сақталған: 29.07.2020



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!