ТДМ іске асыру жөніндегі Солтүстік және ОА

06.10.2021

ТДМ іске асыру жөніндегі Солтүстік және Орталық Азияның бесінші көпжақты форумы

ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры екінші ерікті ұлттық шолуды дайындау бойынша ҚР тәжірибесі мен жоспарларымен бөлісті.

5—7 қазанда Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру бойынша Солтүстік және Орталық Азияның бесінші көпжақты форумы өтуде.

Субөңірлік форум виртуалды кездесу форматында өтуде және тоғыз тұжырымдамалық сессиядан тұрады.

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар "Екінші буындағы ерікті ұлттық шолулар процестерін нығайту" сессиясы аясында екінші ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) дайындау бойынша Қазақстанның тәжірибесі мен жоспарларымен бөлісті.

Форумның бірінші күні ЕҰШ дайындық процесін талқылаумен қатар, алдағы 2022 жылғы Жоғары деңгейдегі саяси форум мәселелеріне арналды. Қазіргі үрдістер баяу экономикалық қалпына келуді көрсететіндіктен, спикерлер сонымен бірге СОА субөңіріне COVID-19 пандемиясынан қалпына келтіруге және ТДМ-ға қол жеткізуге көмектесетін ынтымақтастық шараларын талқылады.


Іс-шараның екінші күні қатысушылар СОА елдерінде іске асыру бойынша ағымдағы жағдай мен үрдістерді қарастырды:

  • 4-ТДМ - мектепке дейінгі білім беру және білім алуға тең қолжетімділік мәселелерін толық талқылай отырып, цифрлық оқытуға, инклюзивтілікке және мұғалімдерді оқытуға назар аудара отырып "Сапалы білім беру";
  • 5-ТДМ - гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарын кеңейтудің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін талқылаумен "Гендерлік теңдік";
  • СОА елдеріндегі 14 және 15 ТДМ ("Теңіз экожүйелерін сақтау" және "Құрлық экожүйелерін сақтау"), климаттың өзгеруі жағдайында биоалуантүрлілікті және экожүйелерді қалпына келтіру саласындағы сын-тегеуріндерді талқылау. 


Субөңірлік форумның соңғы күні екі негізгі мәселені қозғайды - бұл ТДМ қаржыландыру және тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ТДМ жетудегі капитал нарығы мен инновациялық қаржы құралдарының рөлі жоғары екенін атап өтті. СОА елдері арасындағы трансшекаралық серіктестік және білім алмасу барлық мүдделі тараптарға ТДМ іске асыруда бірлескен іс-қимылдарды жұмылдыру үшін ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылауға мүмкіндік береді.

СОА-ның ТДМ-ды іске асыру жөніндегі бесінші көпжақты форумының тұжырымдары мен ұсынымдары тұрақты даму жөніндегі Тоғызыншы Азия-Тынық мұхиты форумының және 2022 жылғы тұрақты даму жөніндегі БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумының жұмысында пайдаланылатын болады.

ТДМ бойынша субөңірлік форумның жұмысына ТДМ-ды іске асырудың түрлі аспектілеріне жауап беретін Солтүстік және Орталық Азия елдерінің мемлекеттік институттарының (СОА) өкілдері, бизнес, ҒӨБ өкілдері, ғылыми топтардың сарапшылары және ТДМ-ды іске асыруға қолдау көрсететін БҰҰ агенттіктерінің, өңірлік және субөңірлік ұйымдардың өкілдері қатысады. 

Іс-шараға Қазақстаннан мемлекеттік органдардың, ҒӨБ, Атамекен ҰКП өкілдері және "Экономикалық зерттеулер институты"АҚ сарапшылары қатысуда.


_____

2015 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күреске, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты проблемаларды шешуге бағытталған 17 тұрақты даму мақсатының тізімін қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады.

Қазақстан Тұрақты Даму Мақсаттарын орындау бойынша өзіне міндеттемелер алған ел ретінде барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейді және жаһандық мақсаттарға табысты қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын. 

ҚР Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалығымен Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Ұлттық экономика министрлігі Кеңес жұмысының Үйлестіру органы болып табылады. ТДМ Хатшылығының рөлін сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ атқарады.

2021 жылғы 7 маусымда Асқар Маминнің өкімімен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің Хатшылығы ретінде ресми түрде бекітілді.

 

 

Сондай-ақ оқыңыз: ТДМ жөніндегі Хатшылықтың қызметкерлері Орталық Азия субөңірлік бағдарлау кездесуіне қатысты



Қарау саны: 1362
Сақталған: 22.12.2024



Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары туралы Мақсаттар Бағыттар бойынша 5 жұмыс тобы Ерікті ұлттық шолу Оқиғалар Үйлестіру кеңесі ОДМ бойынша статистика Жұмыс топтары Кітапхана Табыс тарихтары
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2019
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2018
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2017
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2016
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2015
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!